12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Танымал алматылық хирург Ғани Берістемов 54 жасында қайтыс болды

Алматыда 15 мамырда әйгілі хирург, «Алтын дәрігер» атағының иегері, № 7 қалалық клиникалық аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі Ғани Берістемов қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аурухананың Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

Дәрігер ұзақ аурудан кейін 54 жасында қайтыс болды. Оның артында әйелі мен екі баласы қалды.

«Ол мамандығына шексіз берілген, жан-жақты білімді, біліктілігі мен табиғи дарыны қатар ұштасқан үлкен жүректі дәрігер болды.

Ғани Тамиұлы Берістемов өмірінің 30 жылын медицина мен халыққа қызмет етуге арнады. Ол адалдығымен, еңбекқорлығымен және жоғары жауапкершілік қасиетімен ерекшеленді. Тәлімгер ретінде жас дәрігерлермен үнемі өз тәжірибесімен бөлісті.
Оның еңбек жолының 10 жылы бір медициналық ұйымда – Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасының қабырғасында өтті», — делінген некрологта.

Әріптестері, клиниканың барлық қызметкерлері және пациенттер Ғани Тамиұлын кәсіби біліктілігі, жоғары адами қасиеттері, адамдарға деген ілтипаты қарым-қатынасы үшін жоғары бағалағаны, әрі құрметтегені айтылды.

Ғани Берістемовтің денсаулық сақтау саласына қосқан елеулі үлесі үшін алған мемлекеттік марапаттары:

«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі (2017 жыл), «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» (2011 жыл), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хаты, «Алтын Дәрігер» төсбелгісі, «Отанға сіңірген еңбегі және Айрықша еңбегі үшін» ордені, «Парыз, Абырой, Отан» мерейтойлық медаль, «Көп жылғы адал еңбегі үшін, Чернобыль және жергілікті соғыс ардагерлеріне ілтипат пен қамқорлық үшін» Құрмет грамотасы.

«№7 Қалалық клиникалық аурухана ұжымы осындай жанның біздің қатарымызда болғанын мақтан тұтып, таңдаған дәрігер мамандығын қалай атқару керектігін және азаматықтың жоғары үлгісін көрсетіп кетті.

Орны толмас, мезгілсіз қазаға ортақтаса отырып, Ғани Тамиұлының отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Ол туралы нағыз кәсіпқой, жанашыр адам, дос, әріптес ретіндегі жарқын естеліктер жүрегімізде мәңгі сақталады! Иманды болсын!», — деп жазды марқұмның әріптестері.

Состоялось заседание Комитета профсоюзной организации области Абай

В городе Семей прошло заседание Комитета Общественного объединения «Профсоюзная...

Аягөз аудандық пробация қызметі тарапынан қайырымдылық көмек көрсетілді

Қасиетті Рамазан айы аясында Аягөз аудандық пробация қызметі бөлімінің...

Азаматтардың 70%-дан астамы жаңа Конституция бойынша референдумға қатысуға ниетті

Қазақстандық қоғамдық даму институты алдағы референдум туралы халықтың хабардарлығы...

Алматы метрополитені қызметкерлері референдумды қолдайды

Қалалық Жалпыұлттық коалиция өкілдері — Бахтияр Камалов пен Досымбек...

Қалалық Жалпыұлттық коалиция мүшелері «Көк Төбе» демалыс саябағының ұжымымен кездесу өткізді

Қалалық Жалпыұлттық коалиция мүшелері — Бахтияр Камалов пен Досымбек...