12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ТАҢДАУЛЫ БАЛМҰЗДАҚ

Сіз бұл балмұздақтың байырғы тарихы тым әріде екенін білесіз бе? Қазіргі Ақмола облысының орталығы болып тұрған Көкшетаудағы кәсіпорын өткен ғасырдың 60-шы жылдарының ортасында құрылған. Өзім журналистік қызығушылықпен қарағанымда, тұтынушыларын тәтті өнімімен тәнті еткен «Гормолзавод» ЖШС бүгінде елдегі азық-түлік нарығында беделді орын алып отырғанын байқадым. Ал жалпы кәсіпорынның нағыз ерекшелігі – табиғи өнім өндіруінде.

Иә, көп уақыттан бері «Гормолзавод» тұтынушыларға табиғи өніммен – сүт, айран, сары май, ірімшік дайындап, құрт, сүзбе сияқты ата-бабамыз тұтынған тағам түрлерін ұсынып келеді. Біз білетіндей, осыдан 4 жыл бұрын кәсіпорын сүт өнімдерін жаңа технологиялық құрылғымен өңдей бастады. – Бұлай етуімізге себеп көп. Нарыққа бейімделіп, тұтынушылар көңіліне ұнамды өнім ұсынбасаң ертең-ақ шаруаң шатқақтай береді. Сондықтан біз кәсіпорынды заман талабына сай етіп, қайта жасақтап шықтық. Шикізат та жеткілікті. Әрине, қыс айында сүт қоры азаятыны белгілі. Сондықтан Зеренді ауданында сауын сиыр ұстап, шикізаттың үзілмеуін, жылдың қай маусымында болсын, жеткілікті мөлшерде жеткізіліп тұруды жоспарлап отырмыз. Жалпы, бүгінде шикізатты өңдеудің тәуліктік қуаты 63 тоннаны, өндірістік қуаты 150 тоннаны құрайды. 2020 жылдан бері біз жаңа технологиялық жабдықта өндірілген сүт өнімдерін нарыққа шығардық. Өнім желісін кеңейту үлкен жетістік болды. Енді дәстүрлі сүт өнімдерінен бөлек, сүт, айран, сүзбе, сары май, балқытылған шұжық ірімшігі, төрт түрлі дәмі бар йогурт және т.б. өнімдер өндіріледі, – дейді кәсіпорын басшысы Ерсайын Жақсылықов. 40-тан астам өніммен ел-жұртын тамсандырған кәсіпорын халық қолынан сүтті тәуір бағамен алса сол өңірдегі әлеуметтік жағдай да көмегі тиері сөзсіз. Меніңше, өз сапасын бірегейлендірген «Гормолзавод» сынды кәсіпорындар әр өңірде болса, бұл – көп адамға жұмыс көзі әрі азық-түлік бағасының тұрақтануына да көп әсері болатыны анық. – Бұрын әр өңірде сүт жинайтын арнайы орын болатын. Таңғы не кешкі сауылған сүтін өткізіп, пұлын алатын. Тасымалға арнайы цистерналы жүк көлігі жүрді. Ал соның барлығы бір жерде шоғырланып, аудан не облыс орталығындағы шағын сүт зауытында өңделетінін білетінбіз. Дәл сол жүйемен жиған шикі сүтті түрлі өнімге айналдырып, елдегі дүкенге арзан бағамен түсірсе, халық та тоқ, кәсіпкердің де ұпайы түгел болмай ма? – дейді ауыл шаруашылығы саласының ардагері Жаппарберді Бержанов. Мақала басында айтылғандай, «Гормолзавод» өнімдері облыста ғана емес, Астанада да сатылып жатқанын көзіміз көрді. Басқа өңірлерге де жеткізілуде. Айтпақшы, былтыр ғана Алматы қаласында өткен отандық өндірушілердің көрмесінде «Гормолзавод» ЖШС «Үздік балмұздақ» және «Үздік құрт» номинациялары бойынша бірден екі «Халық таңдауы» сыйлығына ие болғаны бар. Осы арада Көкшетау балмұздағының атағы жер жарып тұрғандығын тағы да ерекше айтуға болады. 300-ден астам отандық өндірушілердің «Ulttyq Ónim» байқауында бірден екі беделді номинацияға ие болу оңай шаруа емес. Сондай-ақ, кәсіпорын өз уақытында «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауының бірнеше мәрте жеңімпазы, ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының да иегері атанған. Расымен де ақмолалық ақ балмұздақ өз тәттілігімен көшбасшылығын тағы да дәлелдегендей.

Шернияз ЖАЛҒАСБЕКҰЛЫ

«ОПМ Правопорядок»

С 10.05 -30 05.2024 г. В городе Астана проводится...

Жасөспірімдер арасында жасалатын қылмыстың алдын алу

20.05.2024 жылы Түрксіб ст. ЖПб ӘПб қызметкерлері және ӘТЖК...

БОРЬБА С ЗАКЛАДЧИКАМИ ПРОДОЛЖАЕТСЯ

СОГЛАСНО ДАННЫМ ОРГАНИЗАЦИИ WORLD POPULATION REVIEW, ПО ИТОГАМ ПРОШЛОГО...

ДЕЗИНФЕКЦИОННЫЕ НИКОЛЬСКОЙ ШКОЛЫ РАБОТЫ ЗАВЕРШЕНЫ

ЗАВЕРШЕНЫ ДЕЗИНФЕКЦИОННЫЕ РАБОТЫ В НАСЕЛЕННЫХ ПУНКТАХ ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ, ПОСТРАДАВШИХ...

ИНТЕЛЛЕКТУАЛ ИЗ НИКОЛЬСКОЙ ШКОЛЫ

КОМАНДА ИЗ ТРЕХ УЧАЩИХСЯ ИЗ БУЛАНДЫНСКОГО РАЙОНА АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ...