Талғарда сотталғандар арасында Ұлттық спорт түрлерінен турнир өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД Талғар және Еңбекшіқазақ аудандық пробация бөлімдерінің ұйымдастыруымен есепте тұрған сотталғандар арасында Ұлттық ойын түрлерінен жарыс ұйымдастырылды.

Іс-шара V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының өткізілуіне орай, Талғар ауданындағы А.Кивилев атындағы спорт мектебінде өтті.

Турнирге 100-ге жуық сотталған азаматтар қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.

«Бұл іс-шара Ұлттық ойын түрлерін жастар арасында насихаттау мақсатында өткізілді. Спорт есепте тұрған сотталғандарды түзету, дұрыс жолға салудың құралы ретінде қолданылады»,- деп атап өтті пробация қызметін басшылық ету бөлімінің бастығы Айдар Қосжанов.

Абай күніне орай сотталған әйелдер арасында рухани-танымдық іс-шара өтті

7 шілде күні Абай күніне орай №79 мекеменің сотталғандар...

Духовное наследие Абая — путь к знаниям, труду и самосовершенствованию

В женской колонии УИС области Абай с участием осужденных...