spot_img
spot_img

Талдықорғанда мектеп формасына қатысты дау шықты

Талдықорғандағы мектеп оқушыларының ата-аналары балаларына белгілі бір өндірушінің формасын сатып алуға мәжбүрлеген мектеп директорына шағымданды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ата-аналардың айтуынша, облыс орталығындағы кейбір мектеп директоры мектеп формасын белгілі бір өндірушіден сатып алуға мәжбүрлеген. Алайда киімнің сапасы бағасына сәйкес келмейді.

«Директор оқушыларға осы өндірушінің формасын алған, алмағандарын тікелей тексеретінін айтқан. Демек, олардың өз ойлағандары бар. Директор айтқан форманың бағасы мен сапасы сай келмейді. Талдықорғанда жалақы 60-70 мың теңге. Сондықтан мұндай қымбат форманы кез келген ата-ана алып бере алмайды. Отбасында екі немесе одан да көп бала мектепке барса, олар не істейді? Мектепте оқу емес форма маңызды ма?» — деп ашуланды ата-аналар.

Ата-аналардың арыз-шағымдарына Талдықорған қаласы білім бөлімі жауап берді. Мектепке бекітілген бірыңғай мектеп формасының үлгісі бар, бірақ белгілі бір өндірушіден сатып алыңдар деп айту дұрыс емес. 

«Мектеп формасының түсін, стилін және белдемше ұзындығын орта білім беру ұйымы мен мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңес және ата-аналар комитеті белгілейді. Бұл ретте мектеп формасын шығаратын жекелеген өндірушілерге артықшылық беруге жол берілмейді. Өндірушіні таңдауда және мектеп формасын сатып алуда ата-аналар тәуелсіз», — деп түсіндірді ведомство өкілі.

2026 жылы МӘМС бойынша төлемдер өзгере ме?

2026 жылға арналған ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде...

Изменятся ли платежи на ОСМС в 2026 году?

Минимальную заработную плату на 2026 год утвердили на прежнем...

Жаңа жылға орай полиция күшейтілген жұмысқа көшті

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха жаңа жылдық мерекелерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

«Емнің нәтижесі —  кәсіби біліктілікті танытады»

Гүлжан Сабырбаева, Алматы қаласы № 7 қалалық  клиникалық ауруханасының...

Қазақ тілі – ұлттың рухани тірегі

Қазақ тілі – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық...