Талап — жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

Бала тәртібі – басты назарда. Қазіргі таңда қоғамда кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар көбейіп барады. Осы орайда, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Сырдария аудандық пробация қызметінің ұйымдастыруымен «Балалар мен жасөспірімдер арасында қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың және зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау» тақырыбында аудан орталығындағы Ә.Тәжібаев атындағы №36 мектеп –лицейінің оқушылармен кездесу өтті.
Кездесуге Сырдария аудандық прокуратурасының прокуроры Дәуірбек Ұзақбаев, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімінің Ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы полиция лейтенанты А.Созақбаев, аудандық білім бөлімінің маманы Е.Әбілдаев, аудандық пробация қызметкерлері әділет майоры Н.Дүйсенбаев, әділет аға сержанты А.Молдашев және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен оқушылар қатысты.
Жиынды мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Алибаева ашып, кездесудің ұйымдастыруылуына тоқталып өтті. Одан соң аудандық прокуратурасының прокуроры Дәуірбек Бауырбекұлы сөз алып, аудан көлемінде оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстылықты болдырмау мақсатында аудандық полиция бөлімі мен мектеп әкімшілігінің жүргізіп жатқан жұмыстарын айтып өтті. Ол өз сөзінде оқушыларды жаңылыс басудан сақтанып,тәртіпті сақтап, зиянды әрекеттерден аулақ болуға, жаман іске бармауға, қылмыстан бойды аулақ ұстауға шақырды.
Келесі сөз алған аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімінің Ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы полиция лейтенанты Ақдәулет Созақбаев,бүгінгі күні қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі балалар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, зорлық –зомбылықтың өсуіне жол бермек керектігін, статистикалық есеп бойынша көбінесе құқықбұзушылыққа әлеуметтік жағдайы төмен отбасында тәрбиеленетін балалар баратындығын айтты.
-Сондықтан ата-ана, мұғалім, тәртіп сақшылары тығыз байланыста болып,әрбір жасөспірімнің тәртібі мен тәрбиесіне уақытында мән берілсе, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуға септігін тигізері сөзсіз,- деді полиция лейтенанты Ақдәулет Созақбаев.
Жиын соңында мектеп оқушыларына құқық бұзушылыққа қарсы насихаттау мақсатында түсірілген бейнероликтер ұсынылды. Оқушылар сала мамандарына көкейде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Әскери соттардың соттылығы: Жаңа құқықтық өзгерістер

Мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери...

Әскери сот шешімдерін халықаралық деңгейде тану: Апостиль қоюдың заңдық негіздері мен тәртібі

Қазіргі жаһандану заманында азаматтар мен әскери қызметшілердің шетелдік мемлекеттермен...

Алматыда QASQYR CUP медиа аударыспақ турнирі өтті

Алматыда қазақтың ұлттық спорты аударыспақты кеңінен насихаттауға арналған QASQYR...

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

Қарттар күні мен Ұстаздар күніне арналған тағылымды шаралар Қазан айы...

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің рөлі

Мемлекеттік тіл – ел тәуелсіздігінің, ұлттық бірегейліктің және мемлекеттік...