12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Талап болса, тіл тұғыры биіктейді

Қазақ тілі – қазақтың жаны, халықтың ең қадірлісі. Тілді көзіміздің қарашығындай сақтап, мемлекеттік мәртебесін арттыру бағытындағы жұмыстар бір күн де, бір сәт те тоқтамауы керек. Себебі, ұлт жанашыры Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай: «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады».

Бұл сөзді ғылыми зерттеулер де айғақтайды. Ағылшынның атақты профессоры Д.Кристал тілдердің дамуын жан-жақты зерттеп жүрген ғалым.  Д.Кристалдың айтуынша, әлемдегі 6 мыңнан астам тілдің 600-іне ғана ертеңі қауіпсіз. Ал біртіндеп қолданысы азайып, күнделікті өмірде сөйлейтіндер азайған тілдің өлі тілдер қатарын толықтырып, жойылу қалпы жоғары.  Қазіргі уақытта әлемде 6300-ден аса тіл бар. Бірақ, ғалымның пайымынша осы тілдердің жартысы ХХI ғасыр соңына дейін біртіндеп қолданыстан шығуы мүмкін. Сондықтан, тіліміз өлмесін, жойылмасын десек, өзіміз де, ортамыз да қазақша сөйлеуі керек. Әрі қазақша сөйлейтін ұрпақты көбейтуіміз қажет. Кез келген азамат өзі қызмет ететін ортада тілдің дамуына, мемлекеттік мәртебесін нығайтуға атсалысуы тиіс.

Мысалы Маңғыстау өңірінде мемлекеттік тілдің беделі биік.  Сот жүйесінде істердің басым бөлігі қазақ тілінде қаралады. Алайда, әлі де болса талап арызын орыс тілінде жолдайтындар бар. Мұндай кемшілік мемлекеттік мекемелер, қаржы ұйымдары тарапынан да орын алады. Оның себебін арыз-шағымды орыс тілінде жазудың жеңілдігімен, істерді қараудың ыңғайлылығымен түсіндіріп жатады. Шын мәнінде, бүгінде арыз-шағымдардың  мемлекеттік тілдегі үлгісі барлық сот ғимаратында көрнекі жерде тұрады. «Сот кабинеті» серисіне кірген азаматтар да өзіне қажетті құжаттың үлгісін кедергісіз ала алады. Тек қазақ тілін үйренуге, қолдануға деген ниет болса болғаны.

Мемлекетіміздің заң жүзінде бекітілген басты тілі – қазақ тілі. Қазақ тілі қажет тілге айналуы үшін оны мәжбүрлейтін заң қабылдау қажет. Өйткені күнделікті тәжірибе көрсетіп отырғандай, тілге қатысты талап қатайтылмай, тіл дамымайды.

Жалпы алған Конституцияның 7-бабында, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңының 4-бабында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi екені, мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi екені дәйектелген. Алайда еліміздегі Қылмыстық процестік кодексте, Азаматтық процестік кодексте сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді деп көрсетілген. Істі сот талқылауына дайындау кезінде екі тараптың да жазбаша өтінішхаты бойынша сот ұйғарымымен сот ісін жүргізу тілін өзгертуге болады. Яғни, егер азаматтар өз қалауымен шағымды орыс тілінде жазса, іс орыс тілінде қаралады. Оны тараптардың қалауынсыз соттың өзгертуге құқығы жоқ.

Күнделікті байқап жүргеніміздей мекеме заңгерлері, адвокаттар арыздарды орыс тілінде рәсімдеуге әуес. Іс түскеннен кейін дайындық сатысында талап қоюшы мен жауапкердің мемлекеттік тілді еркін меңгергені анықталса да, талапты рәсімдеген өкілдер тілді өзгертуден үзілді-кесілді бас тартады.  Себеп ретінде,  өзі ойын айқын жеткізу үшін істің орыс тілінде қаралғаны ыңғайлы екенін алға тартады. Соның салдарынан бүгінде сот отырысына қатысатындардың барлығы қазақ болғанына қарамастан, іс орыс тілінде сарапталады. Кілең қазақ отырып сотты өзге тілде жүргізудің өзі көңілге қаяу салады. Мұндай жағдай орын алмас үшін, тілге қатысты талапты мейлінше жоғарылатып, мемлекеттік тілге деген жанашырлықты, сүйыспеншілікті орнықтыру кезек күттірмейді.

Арыстанбек Бекболатов,

Маңғыстау облысы мамандандырылған экономикалық сотының төрағасы

Эксаумақтық соттылық және оның процестік ерекшелігі

Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен...

Қазақ тілінің бүгінгі тағдырына біз жауаптымыз

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан...

Қазақстан Конституциясы – Тәуелсіздігіміздің тұғыры

1991 жылы Қазақстан өз егемендігін алып, тәуелсіз мемлекет ретінде...

Сот шығындарының мән жайлары

Сот шығындары азаматтық істер бойынша мемлекеттік баж салығынан және...

Сыбайлас жемқорлықпен күресудің маңызды әдістерінің бірі — заңды сақтау

Сыбайлас жемқорлықпен күресудің маңызды әдістерінің бірі - заңды сақтау...