spot_img
spot_img

Талап арызды қамтамасыз ету

Талап-арызды қамтамасыз ету – соттың іс бойынша болашақ сот шешімінің орындалуына кепілдік беру мақсатында талап-арызды объектілеріне (даудың маңызды нысанасына) билік ету құқығын уақытша шектеуге бағытталған мәжбүрлеу шараларын қолдануы.

Негізі талап-арыздарды қамтамасыз ету шаралары, оларды ауыстыру және жою, талап-арызды қамтамасыз ету тәртібі Қазақстан Республикасы Әкімшілік іс жүргізу кодексінде көзделген ерекшеліктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің нормаларымен айқындалады.

Талап-арызбен бір мезгілде келіп түскен талап-арызды қамтамасыз ету туралы өтінішті судья талап-арыз келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Талап-арызды қамтамасыз ету туралы арыз осы бес күндік мерзім өткеннен кейін келіп түскен жағдайда, арызды судья сотқа келіп түскен күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей шешеді.

Сонымен қатар, ӘПРК-нің 96-бабына сәйкес, шағым беру әкімшілік актінің орындалуын тоқтатады, бұл іс жүзінде сотқа талап-арызды қамтамасыз ету шараларын қолданудың қажеті жоқ дегенді білдіреді, өйткені әкімшілік органдар осы баптың талаптары бойынша шағым жасалған әкімшілік актінің қолданылуын тоқтата тұруға міндетті.

Мысалы, талапкер салық органының шешіміне немесе хабарламасына сот тәртібімен шағымданады, сонымен бір мезгілде осы актілердің әрекетін немесе орындалуын тоқтата тұруды талап етеді.
Тәжірибе көрсеткендей, соттар ӘПРК-нің 96-бабына сілтеме жасай отырып, жоғары тұрған органға шағым беру немесе сотқа талап арыз даулы әкімшілік актінің орындалуын тоқтата тұруға әкеп соғатынына сүйеніп, мұндай өтінішті қанағаттандырудан бас тартады. Бұл жағдайда соттың жеке ұйғарымын шығару талап етілмейді.

АПК-нің 156-бабында жауапкер сотта дауласып бойынша атқару парағы бойынша өндіріп алуды тоқтата тұру; сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізу кезінде жүзеге асырылған мүлікті өндіріп алуға байланысты даулы актілері мен әрекеттерін тоқтата тұру сияқты талап-арызды қамтамасыз ету шаралары ретінде қабылдануы мүмкін шаралар бар.

Д. Е. Мустафин, Ұлытау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы

Заң факультетінде мықты маман дайындау-басты міндет

   Әділетті қоғам құрудың негізі-сапалы құқықтық жүйе, ал оның тірегі...

ҚазҰУ-білімнің биік шыңы

  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздегі жоғары білім мен ғылымның флагманы,...

Аумақтан тыс соттылық

         Аумақтан тыс соттылық турасында Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік Кодексіне...

Сот тәртібімен банкрот деп тану ерекшеліктері

Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы...

Судьялыққа адал қызметтің айшықты үлгісі

  Биыл Қазақстан Республикасының сот жүйесінде абыройлы еңбек етіп,...