Талғар аудандық ауруханасының басшылығы дәрігерлік амбулаторияларда көшпелі отырысын бастады

Талғар аудандық орталық ауруханасының басшылығы дәрігерлік амбулаториялар қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жұмыс процестерін оңтайландыру және Талғар ауданының тұрғындарына медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту мақсатында өңірдің елді мекендерінде жұмысын бастады.
Көшпелі топтың құрамына «A-Class-Medical» ЖШС бас директоры, директорлар құрамы, директордың орынбасарлары, мейірбике қызметінің басшылары, МСАК, заңгерлер, дәрігерлер, сарапшылар, эпидемиологтар және аурухананың баспасөз қызметі кіреді.
«Сапардың негізгі мақсаты штаттық орналасуды талқылау, жалақыны қалыптастыру, сыйлықақыны есептеу, әрбір қызметкердің функционалдық міндеттері мен лауазымдық нұсқаулықтары, кадрлық және коммуналдық мәселелерді талқылау. Бұдан басқа, жергілікті жерлерде күнделікті жұмыс барысында туындаған сұрақтар бойынша амбулатория қызсметкерлері барлық сұрақтарының жауаптарын алды», — деді МСАК басшысы Сәдібеков Әділет Әбілсейітұлы.
Сондай-ақ, «А-КЛАСС-МЕДИКАЛ» ЖШС мен Талғар аудандық орталық ауруханасының басшылығы барлық 16 дәрігерлік амбулаторияны аралап, қызметкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.
Бүгінгі таңда көшпелі топ Қызыл ту ауылының дәрігерлік амбулаториясы мен Отбасылық денсаулық орталығына барып, қызметкерлер тарыпынан қойылған барлық сұрақтарына жауап берді. Аурухана басшылығының жауабына қанағаттанған медицина қызметкерлері тұрығындарға сапалы медициналық көмек көрсетуге дайын екендерін мәлімдеді.

Бокаев рассказал в суде, как управлял компанией племянника и распоряжался ее деньгами

В Алмалинском районном суде Алматы допросили Санжара Бокаева по...

Сахарный диабет 2-го типа: как предотвратить заболевание?

Здоровье начинается с простых привычек Сахарный диабет 2-го типа —...

Сот қызметкеріне керегі: білім, еңбек, ізденіс

Қоғамда әділдік пен заң үстемдігін қамтамасыз ету – мемлекеттің...

Қарттықтың ең үлкен қорқынышы – жалғыздық

25 қарашада Алматы қаласындағы Kinoforum кинотеатрында Q.Q.G PRODUCTS компаниясы...

Думать на поколения вперед: как опыт Китая перекликается с видением Токаева

Сегодня конкуренция между странами в сфере технологий становится всё...