Талғар аудандық ауруханасы жаңа құрылғымен толықты

Талғар аудандық орталық ауруханасы жүкті әйелдерді, босанған әйелдерді, перинаталдық потологияны іске асыру қаупі бар босанған әйелдерді госпитализациялау, гестация мерзімі 22-ден 34 аптаға дейін мерзімінен бұрын босану бойынша үшінші деңгейде медициналық қызмет көрсетеді. Сондықтан, аурухана басшылығы жаңа туған нәрестелер үшін қолданылатын SIPAP аппаратын сатып алу туралы шешім қабылдады.
Бұл аппарат баланың тыныс алу ритміне жауап беретін компрессор және табиғи тыныс алу кезінде ауа ағынының кедергісіз өтуіне жағдай жасайды.
Сонымен қатар аурухана басшылығы «Resusci Flow» яғни, «Т-система» механикалық желдетуге арналған реанимациялық аппаратты сатып алды. Бұл құрылғы неонатальды асфиксия және жаңа туған нәрестелерде тыныс алу жеткіліксіздігі туындаған кезде қолданылады.
» Жақында біздің дәрігерлер 26-27 аптада дүниеге келген, салмағы 790 грамм баланы SIPAP аппаратының көмегімен аман алып қалды. Қазіргі уақытта жаңа туған нәресте аппараттан алынып тасталды. Бала өздігінен тыныс алады және кювезде дәрігерлер бақылауында», — деді перзентхана меңгерушісі Эльмира Талғатқызы.
Ауруханаға SIPAP аппараты мен «Resusci Flow» яғни, «Т-система» аппаратын «А-КЛАСС-МЕДИКАЛ» сенімгерлік басқару құқығына ие компания сатып алды. Екі жыл ішінде аталған компания Талғар аудандық орталық ауруханасын 450-ден астам жаңа жабдықпен қамтамасыз еткен.
Естеріңізге сала кетсек, 2022 жылдың он айында Талғар аудандық ауруханасының презентханасында 3300-ден астам бала өмірге келген.

Борьба с киберпреступностью

СИСТЕМНАЯ ПРОФИЛАКТИКА ИНТЕРНЕТ-ОБМАНА В АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ НАБИРАЕТ ОБОРОТЫ. МЕСТНАЯ...

Реализация проектов в действии

В ХОДЕ РАБОЧЕЙ ПОЕЗДКИ АКИМ ОБЛАСТИ АБАЙ БЕРИК УАЛИ...

К 100-летию выдающегося режиссера

ТОРЖЕСТВЕННОЕ ОТКРЫТИЕ МЕРОПРИЯТИЙ, ПОСВЯЩЕННЫХ 100-ЛЕТИЮ ВЫДАЮЩЕГОСЯ КАЗАХСКОГО РЕЖИССЕРА, ЗАСЛУЖЕННОГО...

Иллюзия близости: почему чат-боты заменяют нам друзей?

ПОЗДНИЙ ВЕЧЕР, В КВАРТИРЕ ТИХО, ГОРОД ЗА ОКНОМ ДАВНО...

Водоснабжение населения: итоги и планы

В Казахстане продолжается системная работа по обеспечению населения качественными...