АККА дәрігерлері 72 жастағы науқастың алып көлемдегі кистомасын алып тастады

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына (АККА) іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну мен тығыздалуға шағымданған 72 жастағы пациент түсті. Белгілі болғандай, науқас бұған дейін медициналық тексеруден өтпеген.

Компьютерлік томография (КТ) нәтижесінде оның құрсақ қуысының басым бөлігін алып жатқан алып көлемдегі кистома анықталды.

Операция барысында алынған кистаның салмағы шамамен 5 келіні, ал оның ішіндегі сұйықтық көлемі 10 литрге жуық болды.

Науқастың жасын, түзілістің көлемін және клиникалық жағдайдың күрделілігін ескере отырып, операцияға мультидисциплинарлық мамандар тобы жұмылдырылды. Хирургиялық араласуды АККА-ның гинеколог дәрігерлері мен хирургтары бірлесіп жүргізді.

АККА дәрігер-гинекологы Риза Керемқұлова:

«Бұл күрделі клиникалық жағдайлардың бірі болды. Кистома құрсақ қуысының басым бөлігін алып жатты. Оның көлемі өте үлкен болды: салмағы шамамен 5 келі, ал ішіндегі сұйықтық мөлшері 10 литрге жуықтады. Мұндай жағдайларда ауруды дер кезінде анықтау, дұрыс емдеу тактикасын таңдау және әртүрлі бейіндегі мамандардың үйлесімді жұмысы аса маңызды. Операцияны ауруханамыздың хирургтарымен бірлесіп жүргіздік».

Айта кетейік, пациентке көрсетілген медициналық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында жүзеге асырылды.

Бұл клиникалық жағдай профилактикалық тексерулерден жүйелі түрде өтудің және денсаулыққа қатысты шағымдар туындаған кезде дәрігерге уақытылы қаралудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетеді. Іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну немесе қалыптан тыс тығыздалу сияқты белгілерді елемеуге болмайды.

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы күрделі клиникалық жағдайларда пациенттерге жоғары білікті медициналық көмек көрсетуді жалғастырып, МӘМС жүйесі аясында медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Можно ли подарить единственное жилье и остаться в нем жить?

«Я ПОДАРЮ КВАРТИРУ СЫНУ, НО ЖИТЬ БУДУ ЗДЕСЬ, КАК...

В АМКБ успешно прооперировали 72-летнюю пациентку с кистомой гигантских размеров

В Алматинскую многопрофильную клиническую больницу (АМКБ) поступила 72-летняя пациентка...

«КӨРНЕКІ АҚПАРАТ – КӨРКЕМ ТІЛ» ҚАЛАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ

2026 жылғы 24 қарашада Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының...

Зеленая энергия: перспективы и крайняя необходимость 

КАЗАХСТАН ПОСТЕПЕННО ИСПОЛЬЗУЕТ ВОЗОБНОВЛЯЕМЫЕ ИСТОЧНИКИ ЭНЕРГИИ. ЭТО ХОРОШИЙ ТРЕНД....

Господдержка в поисках отдачи?

С 2010 ГОДА НА ПОДДЕРЖКУ ОБРАБАТЫВАЮЩЕЙ ПРОМЫШЛЕННОСТИ В КАЗАХСТАНЕ...