Таэквондошы Жансель Дениз әлемдік рейтингте бірінші орынды иеленді

Сурет: Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі

Таэквондодан жаңартылған әлемдік рейтингте қазақстандық спортшы Жансель Дениз бірінші орынға ие болды. Бұл – қазақстандық таэквондо тарихындағы алғашқы жетістік, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйелдер арасында 73 келіге дейінгі салмақта Жансель Дениз 139,81 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орынды 107,94 ұпаймен ресейлік Полина Хан иеленді. Үшінші орын 105,60 ұпай алған оңтүстіккореялық Да Бин Лиге бұйырды, деп жазды Sports.kz.

Бұл жеңіске дейін Жансель Денис төртінші орында болатын.

Еске салсақ, ол 2018 жылы Индонезияда өткен Азия ойындарында күміс медаль алып, спорттық мансабында елеулі жетістікке жетті.

Новые увлечения и первые успехи: чему подростки учатся в досуговых центрах Медеуского района

В Алматы работают 100 досуговых центров, которые регулярно посещают...

Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

18 қараша күні Алматы қаласының Бостандық ауданында ұлттық зияткерлік...

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені:жетістіктері мен даму мүмкіндіктері

Қазақстан – ауыл шаруашылығы саласын дамытуға зор мүмкіндігі бар...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПОЛЯК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Абай университетінде Польша тілі мен мәдениеті орталығының салтанатты...