12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Табиғат – адамзатқа аманат!

Бір кездері күнкөрісі табиғатқа тәуелді болып, оның құбылыстарын тәңірдің құдыреті деп түсінген адам баласының ғылым мен технологияның нәтижесінде табиғатқа қатысты танымы мен түсінігі өзгеріп, одан барынша алшақтай бастады. Табиғаттың  байлығын иемденуге деген шексіз ашкөздік пен құмарлық әлемді жаулаушы және отар елдерге бөлді. Өзгенің есебінен баюды мақсат тұтып айналасын жаулап ала бастаған билеушілер өзінің басты мақсаты мен мүддесін бүркемелеу үшін түрлі амал-айладан бас тартқан жоқ. Оны біреу ерте, біреу кеш түсінді.

Мәселен, Америка құрлығын жаулап алған басқыншылар ондағы халықтың күнкөріс көзі болған аң-құсты қыру арқылы өз мақсатына жеткенін бүгінде республикадағы естияр азаматтың бәрі біледі. Алайда мұндай жағдай  қазақ жерінде де болғанын біреуі білсе, біреуі білмейді. Бұған арысын айтпағанда ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қолдан жасалған аштық пен қуғын-сүргін, одан кейінгі тың және тыңайған жерлерді игеру мен ядролық сынақ алаңдарының жергілікті халықтың өсіп-өркендеуін қаншалықты тежегенін жан-жақты сараптап, әділ бағасын беруге аса құлшыныс танытпауы өз әсерін тигізуде. Сондықтан да керқұланнан тартып тарпаң мен құланнан, жолбарыстан қалай айрылғанымызды қазіргі  ұрпақ кітаптан ғана біледі. Саны азайған, тіпті тұқымы мүлде жойылудың алдында тұрған жан-жануарларымыз бен өсімдіктеріміз туралы  түсінігі де аз ғана. Әр он жыл сайын толықтырылып, жаңарып тұруы тиіс Қызыл кітапты да уақытылы шығара алмай жүргеніміз  соның нақты айғағы бола алады.

Жаңа жылдан бастап қолданысқа енгізілген заңнамалардың бірі табиғатқа залал келтіргендерге жазаны қатайтуды мақсат етіп отыр. Соған сәйкес, заңсыз аңшылық (Қылмыстық кодекстің 337 бабы) пен заңсыз балық аулау (ҚК 335-бабы) қылмыстық теріс қылық ретінде емес, енді орташа ауырлықтағы қылмыс қатарына ауыстырылып, ол үшін 4 жылға дейін бостандығынан айыру жазасы енгізілді. Сондай-ақ, топпен жүріп заңсыз аң аулаушылардың ісі ауыр қылмыстар қатарына өтіп, ол үшін 6 жылдан 1 жылға дейінгі аралықта бостандығынан айыру жазасының белгіленуі де табиғатты қорғауға серпін берер деген үміт бар. Ал егер, табиғат инспекторларына бағынбау, өміріне қауіп төндіру енді полиция қызметкерлері мен, арнайы мемлекеттік орган, әскери қызметкерге қарсы келумен пара-пар. Соған сай жаза да қатаңдатылды.

 

Браконьер – Қаскер ме?

ҚР Үкіметінің жанындағы  республикалық терминологиялық комиссиясы мақұлдаған 30 томдық қазақша–орысша, орысша–қазақша терминологиялық сөздіктің 2014 жылы «ҚазАқпарат» баспасынан жарық көрген экология саласына арналған 17-томында браконьер – қаскер, браконьерство – қаскерлік деп аударылыпты. Ал 2002 жылы «Мектеп» баспасынан жарық көрген «Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау» деп аталатын кітапта: қаскерлік (браконьерства) – аң аулау, балық аулау ережесін және жануарлар әлемін қорғау туралы заңның талаптарын бұзып, жабайы жануарларды аулау немесе жою. Қаскерлікке тыйым салынған уақытта, тыйым салынған жерде немесе тыйым салынған тәсілмен рұқсатсыз аң аулау және балық аулау, аулауға толық тыйым салынған жануарларды аулау және ату, ату және аулау мөлшерін арттыру; жұмыртқаларды, қауырсындарды жинау, індерді, ұяларды, апандарды бұзу және т.б. жатады; кеңейтілген ұғымыңда қаскерлікке орманды сақтау ережелерін бұзу да, сондай-ақ сирек кездесетін немесе бағалы өсімдіктерді (әсіресе сату үшін) заңсыз жинау да және т.б. жатады» деп анықтама берілген. Шынында да француздың «braconnier» деген сөзінен шыққан бұл термин жабайы жан-жануарлар мен өсімдіктерді заңсыз аулап мен өндіруге қатысты ұғымды білдіреді. Сол себепті «қаскер», «қаскерлік» сөздері браконьер сөзінің мағынасын толық бере алатынына өз басым үлкен күмәнмен қараймын. Байқауымша, жалғыз емеспін. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы баспа, аудио және бейнематериалдарда да көбіне көп қаскер, қаскерлік емес браконьер, браконьерлік сөздері қолданылып жүр. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін уақыт көрсетер.

Бұл жолы әңгімені терминнің айналасында емес, браконьерлікпен күреске арнағанды жөн көріп отырмын. Өйткені бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары Қылмыстық кодекстің  335 және 337-баптарындағы өзгерістерге сүйеніп, енді заңсыз аң мен құсты аулап, өсімдіктерді жинаған адамдар 6-дан 10 жылға түрмеге қамалатынын, сондай-ақ инспекторлар мен егерлерді қорғау деңгейі құқыққорғау, арнайы мемлекеттік органдар мен әскери қызметкерлермен теңестіріліп, өз қызметін атқару барысында олардың өміріне қауіп төндірушілерге  10-нан 15 жылға дейін еркіндігінен айырып, мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылып отырғанын қуана хабарлап, бөлісуде. Алайда бұл заңды жүзеге асыру тетіктері қаншалықты жетілдіріліп жатқанын сараптап, талдап көрсетіп беріп жатқан ешкі жоқ. Яғни, қылмыс жазасы күшейгенмен, кеселдің тамырына біржола балта шаптық деуге әлі ерте.

Табиғатты қорғау тек егердің  міндеті емес

Табиғат байлығын қорғауға жауапты комитеттер соңғы ширек ғасырда бірде Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, бірде Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің,  бірде Ауыл шаруашылығы министрлігінің, бірде Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, бірде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің құзырында болып,  көшіп-қонып жүрді. Тұрақтылық болмай, басымдыққа жеткілікті деңгейде мән берілмегендіктен бұл уақытта саладағы түйткілді мәселелер бұрынғыдан қордалып, салмақтана түспесе, еш жеңілдеген жоқ.

«Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді» дегендей аңшылықпен тек әуестік үшін айналысып, ондағы ереже мен тәртіпке мойынсұнбай ашкөздікпен табиғатқа залал келтірушілер тіпті аң-құс пен өсімдікті былай қойып, оны қорғаушыларға қару кезенетін жағдайлары азаюдың орнына, көбейе түсті. Онсыз да материалдық-техникалық қамтамасыз етілу жағынан артта қалып,  мардымсыз жалақыны місе тұтып жүрген орманшы, қорықшы, инспектор ағайынды мазақ қылушылар тіпті қорқытып-үркіткеніне көнбей, қарсылық көрсеткен жағдайда өлтіріп кетуден де тартынбайтынын естіп, көріп-біліп жүрсе де атқарушы биліктегі шенділер мен заң шығарушы органдағы депутаттар өзгеріс жасауға асықпады. Олардың қауқарсыздығынан табиғат қорғаушылардың мезгілсіз уақытта көз жұмып жатқаны соңғы жылдары бұқараның ашу-ызасын тудырып, наразылық танытпағанда бұл жағдай әлі де қанша жалғаса берері белгісіз еді. Халық талабынан кейін оған мемлекет басшысы да назар аударып, құзырлы орган басшыларын бір емес, бірнеше рет жеке қабылдап, үкімет отырыстарында сынға алып, Үкімет пен Парламентке нақты тапсырма беріп, оны өз бақылауына алуға мәжбүр болды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы 2 қыркүйектегі «Сырдарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» деп аталатын Жолдауында: «Соңғы уақытта болған қайғылы оқиғалар ұйымдасқан қылмыстың тағы бір түрі –браконьерлік проблемасының  бетпердесін ашты. Бүгінде браконьерлер сақадай-сай жабдықталып, қаруланған және өздерінің жазалана қоймайтынына сенімді. Биылдың өзінде жануарлар әлемін қорғап жүрген екі инспектор браконьерлердің қолынан қаза тапты. Жақында Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл көлінде браконьерлердің қылмыстық тобы ұсталды. Бұл тек бір ғана мысал, алайда браконьерліктің тамыры тереңге жайылған, соның ішінде бұл құқық қорғау органдарының салғырттығынан болып отыр. Браконьерлер ұлттық байлығымыз – табиғатымызға аяусыздықпен орны толмас зиян келтіруде. Үкіметке екі ай ішінде тиісті заңнаманы қатайту үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырамын» деді. Соның нәтижесінде 28 қазанда  2014 жылғы 3 шiлдеде қабылданған ҚР Қылмыстық кодексінің бірқатар баптарына 2019 жылдың 28 қазанында өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

 

Заңнамада қандай өзгеріс бар?

Заңнама туралы сөз болған кезде ең алдымен ауызға 2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 «Қазақстан Республикасының Орман кодексі» ілінеді. Оның «Қазақстан Республикасының орман заңдары» деп аталатын 1-бабында:

  1. Қазақстан Республикасының орман заңдары Қазақстан Республикасының Конститутциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актiлерiнен тұрады.
  2. Өсiмдiктер (ормандардан басқа) мен жануарлар дүниесiн, су объектiлерiн, жер қойнауын, жердi, атмосфералық ауаны, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану мен қорғау саласындағы құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен реттеледi.
  3. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады».

Ал «Осы Кодекспен реттелетін қатынастар» деп аталатын 2-бабында: «1. Осы Кодекс орман қорын иелену, пайдалану, оған билiк ету жөнiндегi қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ орман қорын күзетудiң, қорғаудың, молықтырудың, оның экологиялық және ресурстық әлеуетiн көтерудiң, оны ұтымды пайдаланудың құқықтық негiздерiн белгiлейдi. 2. Орман құқығы қатынастарын реттеу орман биосфераның ғаламдық экологиялық, әлеуметтiк және экономикалық мәнi бар аса маңызды компоненттерiнiң бiрi болып табылатыны негiзге алына отырып жүзеге асырылады» деп жазылған болатын.

Сол себепті ҚР Қылмыстық кодексінің 335-337, 339-342 баптарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға көз жүгіртіп шыққан жандардың табиғатқа келтірілген зиянды қалпына келтіруде әлі де кемшін тұстар жеткілікті екенін аңғаруына болады. Өйткені кейде әрқайсысының қалыптасуы үшін бір емес, ондаған тіпті жүздеген жылдар қажет болатын сирек кездесетін кейбір өсімдіктер мен жан-жануарларды айыппұлмен, түзеу не қоғамдық жұмыспен қалпына келтіру мүмкін емес. Тіпті мүлкі тәркіленіп, 3-12 жылға дейін жаза арқалаған күнде де жазасын өтеген адамдардың табиғатқа келтірген шығыны өтелмейтінін кейбір адамдар әлі толық түсініп отырған жоқ. Өйткені олар үшін көп жағдайда браконьерлік деген аң ату, балық аулау, ағаш кесумен ғана шектеліп отыр. Мәселен, «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу» туралы 335-баптың 1-бөлігінде Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу, егер бұл іс-әрекет: 1) айтарлықтай залал келтіре отырып;  2) жарылғыш немесе химиялық заттар, электр тогы не балық ресурстарын және басқа да су жануарлары мен өсiмдiктерін жаппай жоюдың өзге де тәсiлдерi қолданыла отырып жасалса, – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, 160 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 160 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға не шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге 5 жыл мерзімге шығарып жіберуге жазаланады.

2-бөлігінде бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекет – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, 200 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 200 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға не шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге 5 жыл мерзімге шығарып жіберуге жазаланады.

3-бөлігінде осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген: 1) жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға, оның ішінде бекіре тұқымдас балық түрлеріне қатысты; 2) уылдырық шашатын орындарда, басқа да су жануарларының көбею орындарында немесе ол жерге өріс аудару жолдарында;  3) адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып;  4) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, 5) өздiгiнен жүретiн жүзгiш көлiк құралы пайдаланылып; 6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және төтенше экологиялық ахуал аумақтарында жасалған іс-әрекеттер – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, 2 мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4-бөлігінде осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшінші бөлiктерiнде көзделген, iрi залал келтiре отырып жасалған не қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер –  белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 3жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, 2 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады деп көрсетілген.

«Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» туралы 339-баптың 1-бөлігінде  «өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктерді немесе жануарларды, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз қолға түсіру, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, салып жіберу, тасымалдау немесе жою, сол сияқты олардың мекендейтін жерлерін жою – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, 3 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2-бөлігінде мынадай: 1) бірнеше рет; 2) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған; 3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда; 4) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған; 5) ірі залал келтіре отырып жасалған дәл сол іс-әрекеттер – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, үш мыңнан 7 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3-бөлігінде осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:  1) қылмыстық топ жасаған;  2) аса ірі залал келтіре отырып жасалған іс-әрекеттер – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады деп көрсетілген.

Алайда бұл жол толғамайтын жүрдек көлік пен озық құрал-жабдықтармен жабдықталған браконьерлердің жолын кесіп, қылмысын әшкерелеуші орманшы мен инспектордың жағдайын салыстырған кезде айтарлықтай пәрменді емес. Қанша жерден қолпаштап, мадақтағанмен, екеуінің жағдайы көбіне көп «аттыға еріп, жаяудың таңы айрылыпты» дегендей боп қалады.

Маман пікірі

Аманжол КЕБЕКБАЕВ, «Кондратов тәжiрибе көрсететін орман тұқымбағы» ЖШС директоры:

– Ағаш  көшетін өсіретін мекемеде қаскөйлер, тіпті ұрылар деп айтуға болады өткен көктем 50 данадан асатын шырша көшеттерін ұрлап 800 мың теңгеден асатын шығын келтірген. Сол ұрыларға біздің сот жүйеміз 200 сағаттық қоғамдық жұмыспен жазалау шарасына үкім шығарады. Сонда осы 15-17 жылдық адам еңбегімен өсірілген аса құнды қылқан жапырақты ағаш көшеттерінің құны 200 сағаттық, яғни 1 айға жетпейтін уақыттық «жазалау» болғаны ма? Мұндай шараға қандай баға беруге болады? Меніңше, бұл әділетсіздік. Сол шырша көшеттері қала көшелерінде өсіп тұратын болса эстетикалық көрік берумен қатар, қанша адамның таза ауамен тыныстауына  мүмкіндік болар еді. Ауа құрамын қаншама зиянды ауыр металдардан тазалап, зиянды бактерияларды өлтіретін еді. Біздің үкімет сот жүйесін гуманизациялаймыз деп қылмыскерлерді тайраңдатып, жеңіл өмір сүруіне жол беріп қойған жоқ па?

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,

 «Заң газеті»

Сеть опорных школ «Отпан»

В целях повышения качеста среднего образования Правительстом реализуется проект...

Памяти творческого пути

В Кызылорде рамах года «Руханият» состоялся онурс жыршы «Терме...

Расплата за доверчивость

Сотрудники правоохранительных органов предупреждают: ели раньше на удочку кибермошенников...

Соответствовать требованиям времени

Советхан Сакенов, судья Алматинского городского суда в почетной отставке,...

Живой товар: трагедия современного мира 

Со всем мире современное общество сталкивается с вызовами, связанными...