Тәуелсіздік күнінде ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 14, 15, 16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Республиканың басым бөлігіне солтүстік циклон әсер етеді.

14-15 желтоқсанда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, кейде нөсер жауады деп болжанады.

16 желтоқсанда еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында қалың қар жаууы мүмкін. Республика бойынша көктайғақ, тұман түсіп, жел күшейіп, боран күтіледі.

«Еліміздің солтүстік-батысында түнде ауа температурасының 10-18 аязға дейін, солтүстігінде, орталығында 15-25 аязға дейін, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 10-17 аязға дейін, таулы аудандарда 20-27 аязға дейін төмендеуі күтіледі», — деп жазылған хабарламада.

Референдум-2026: дауыс беру учаскелеріне халық лек-легімен келуде

Бүгін қазақстандықтар таң бозынан республикалық референдумға қатысу үшін ерекше...

Ерлан Қарин референдумда дауыс берді: «Бүгін маңызды күн»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жаңа Конституция бойынша...

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.