Тәлімгерлер мен олардың жас қызметкерлері Невзоровтар отбасылық бейнелеу өнері мұражайында болды

Абай облысында «Халықаралық мұражай күні» қарсаңында сіздігі аралас мекемеде тәлімгерлер жас қызметкерлерге Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері мұражайына экскурсия ұйымдастырды.

Экскурсия жас қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруда тәлімгерлік рөлін арттыру және қылмыстық-атқару жүйесінің имиджін көтеру, қызметкерлер арасында кәсіби мақтаныш сезімін ояту мақсатында өткізілді. Биылғы жылдың басынан бері №19 мекеме 5 жас қызметкермен толықты. Жақында ғана оқу орындарын тәмамдаған жас ұл-қыздар Отанына Ант берді!

Экскурсия жас қызметкерлер мен олардың тәлімгерлеріне бір-бірін жақсырақ тануға мүмкіндік берді, өйткені картиналарды ұнату арқылы адамның мінезін, интеллектін, берілген жағдайды қалай бағалайтынын, оның логикалық ойлауын білуге болады. Суреттерден 18-19 ғасырдан бастап сол кездегі адамдардың қалай өмір сүргенін, олардың тұрмыс-тіршілігін, тұрмыс жағдайын сол атмосфераға кіргенле ғана білу мүмкін.

«Мұражай қызметкерлерінен мұражай қорында 3600-ден астам өнер туындысы бар екенін білдік. Мұражай көрмесі 18 ғасырдың аяғынан 20 ғасырдың басына дейінгі орыс өнерінің дамуын көрсетеді; Қазақстанның бейнелеу өнері бөлімі (мыңнан астам экспонаттар) ұлттық көркем мәдениеттің ең жарқын және ерекше өкілдерімен ұсынылған. 16 ғасырдың аяғы — 20 ғасырдың басындағы Батыс Еуропа кескіндеме және графикасының шағын бөлімі бар. Сондай-ақ ХХ ғасырдағы ТМД елдері – Ресей, Орталық Азия, Грузия, Армения, Беларусь және т.б өнер туындылары қойылған екен», – деп өз әсерімен бөлісті кадр бөлімінің бастығы Дидар Жұмаханова.

Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлері Денсаулық күнін спорттық жарыстармен атап өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Денсаулық күніне орай...

Тұрақты даму мақсаттары: білім мен қоғамды байланыстыратын жүйелі қадамдар

Қазіргі таңда әлем елдері үшін тұрақты даму мақсаттары тек...

Әділ қоғам  қалыптастыруда білімнің рөлі

Қазіргі кезеңде тұрақты дамудың негізгі шарттарының бірі әділ, ашық...

Мемлекеттік қызмет — мерейлі міндет

Мемлекеттік қызмет – мемлекет жүйесінің ел басқарудағы ең маңызды...

Задачи административной юстиции

1 июля 2021 года введен в действие Административный процедурно-процессуальный...