Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінде тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен «Скайп» байланыс жүйесі арқылы «Pro bono» қоғамдық қорының өкілдерінің қатысуымен онлайн форматта тренинг өтті. Дағдылы және жеңілдетілген жағдайда ұсталатын жазасын өтеушілер қатысқан тренингті коуч- тренер Тимур Раушанбекұлы жүргізді.
«Адам есімдері және оның мағынасы» тақырыбындағы онлайн тренингте Тимур Раушанбекұлы жалпы адам есімдері және оның мағынасы туралы мол мағұлмат берді. Қазақ халқы баласына ат қоярда, сол есімге сай оған жүктелетін жауапкершілікті де ойлап, сақтықпен қараған, ырымдаған. Тренингке қатысушы Асқар есімді азамат өзінің есімін әжесі асқар таудай азамат болсын деп ырымдап қойғанын айтты. Психологтардың айтуынша адамның тағдыры атына сай қалыптасады екен.
Тренинг соңында «Pro bono» қоғамдық қорының заңгері Абильдаева Сәуле Маутановна сотталған азаматтарға қандайда бір заңгерлік көмек қажет болса хабарласуға болатындығын айтты.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
ЗК-169/5 мекемесі