Жолаушыны ұрып, телефонын тартып алған таксистке жаза тағайындалды

Қармақшы аудандық пробация есебінде тұрған азаматқа ҚР ҚК-нің 191- бабының 2-бөлігі бойынша 3жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

Сондай-ақ, осы жазаны өтеу барысында жылына бір жүз сағатқа мәжбүрлі еңбек атқаруға міндеттелген.

Қ.есімді бұл азамат Қызылорда қаласында такси қызметінде жүргенде, көлігіне мінген масаң жолаушының ұялы телефонын көріп, арам ойға кеткен.

Оңай жолмен ақша табу мақсатында, денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану арқылы , бөтеннің мүлкін жымқыру ниеті туындаған. Болмашы сөзді желеу етіп, жолаушымен сөзге келіп, бет-тұсынан бірнеше мәрте ұрып-соққан.

Әлсіреген жолаушының смартфонын тартып алып, жол бойына тастап кеткен. Осылайша, бөтеннің мүлкін ашық жымқырып, тонау қылмыстық құқық бұзушылығын жасаған.

Қазіргі таңда сотталған азамат өзінің тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы орган белгілеген аймақта мәжбүрлі түрде күніне 4 сағаттан аспайтын уақытта тазалық және көгалдандыру жұмыстарымен айналысып жүр.

Жалпы мәжбүрлі еңбек тағайындалған сотталғандардың атқаратын жұмыс уақытын есептеу және оны қадағалау ҚР ҚАК- нің 62-бабына сәйкес, жергілікті атқарушы органға жүктелген.

Бүгінгі күні Қармақшы аудандық пробация есебіндегі 3 сотталған азамат сот үкімімен мәжбүрлі еңбек етуде.

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём пожилых людей

В честь Дня пожилых людей сотрудники женской колонии УИС...

ҚАРТТАРЫМЫЗҒА — ҚҰРМЕТ, АҒА БУЫНҒА — АЛҒЫС!

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қызылорда облысы...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде киберспорттан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде ұстаздарды мерекемен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде Ұстаздар күні...