Ақтөбе облысында пробация есебіндегі сотталғандарды квотамен жұмысқа орналастыру бойынша кеңес отырысы өтті

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Мәртөк аудандық Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын орындау туралы кеңес отырысы Мәртөк аудандық әкімдігінде өтті.

Кеңесті ашқан Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Әлжан, аудан әкімінің 271 санды 2022 жылғы қаулысына сәйкес, Мәртөк аудандық пробация қызметінің есеінде тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2023 жылға арналған квотасы белгіленгені және квота мөлшері 2 пайызды құрайтындығын айта келіп, жұмыс беруші мекемелердің тізімдерін атады.

Кеңес отырысында сонымен қатар, жұмыс берушілер тарапынан ҚР Еңбек кодексі талаптарының сақталуы, есепте тұрған азаматтарға уақытылы еңбекақы төлеу, жұмыспен қамту мәселелері де талқыланды.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём Республики!

В честь Дня Республики сотрудники женской колонии УИС по...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Республика күнімен құттықтады

Республика күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

В честь Дня Республики прошёл турнир по волейболу

В женской колонии УИС по области Абай в честь...