12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жеке құрам қысқарған сөздердің дұрыс оқылуы мен жазылуы бойынша машықтанды

Тәуелсіз елдің жас ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өз-өіне сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, жан-жақты адам ретінде қалыптастыруда ана тілінің атқарар қызметі зор.

Сондықтан, әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді құрметтеуге, оны үйреніп, білуге бейім болғаны абзал.

Осы орайда, Қылмыстық атққару саласына қарасты, Қызылорда облысындағы ҚАЖ департаментінің №60 мемлекеттік мекемесінде жеке құрамға мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында әртүрлі іс-шаралар атқарылып тұрады.

Нақтырақ айтар болсақ, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және тіл сауаттылығын арттыру, яғни орфографиялық тіл нормаларына мән бере отырып, сауатты мемлекеттік қызметкер болуға талпындыру мақсатында жеке құрамнан Қысқарған сөздер бойынша диктант алынды.

Диктант жазбастан бұрын, қызметкерлерге Ш.Құрбанбайұлының «Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа атаулар мен Қысқарған сөздер» (2009), «Қазақ тіліндегі қысқарған сөздер» (2013) жеке зерттеулік еңбектеріт таныстырылды.

Сондай-ақ, күрделі атауларға жататын қысқарған сөздердің жасалу жолдары жайында түсініктеме берілді. Жеке құрамның жұмыс уақытына кедергі келтірмес үшін мекеме акт залына тек аусымнан шыққан бақылаушы қызметкерлер ғана кезекпен жиналды.

Әр келген топқа күнделікті жұмыс барысында баянат жазуда қолданылатын қысқарған сөздер жазылған ақ қағаз таратылды.

Одан соң осы күрделі атаулардың қазақ және орыс тілінде дұрыс оқылуы мен дұрыс жазылу бойынша білім деңгейлері тексерілді.

Жас мамандар кей сөздердің дұрыс оқылуын білмесе, енді бірі кей қысқарған сөздерге қосымшаларды дұрыс жалғай алмады.

Бірақ, олар осы өтілген сабақ барысында сауаттылық деңгейлерін арттырып, қысқарған сөздерді дұрыс жазуға машықтанды.

Бүгін мен күнделікті жұмыс барысында кездесетін іс-әрекетімізге байланысты қолданыстағы, кей қысқарған сөздердің дұрыс оқылуы мен дұрыс жазылуын танып біліп, машықтандым. Диктант барысында ҚАЖ саласында жиі қолданылатын сөздерді сауатты жазуға үйрендім.

Елімнің патриоты ретінде ана тіліне құрметпен қараймын.

Тілге деген құрмет-сауаттылықтан басталады деп ойлаймын – деді қатардағы Оспанов Ғазиз.

«Нельсон Мандела күні» Семей қаласындағы түзету мекемесінде аталып өтті

18 шілде – бүкіл әлем бойынша ерекше құрметпен аталатын...

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской организован творческий вечер

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области...

Жеке құраммен түсіндіру-профилактикалық кездесу өтті

2025 жылғы 8 шілдеде №2 түзеу мекемесінде мекеме басшылығының...

Семейде сотталғандар өз қолдарымен Бәйтерек макетін жасады

Бәйтерек-Қазақстан астанасының басты символы. Мәселен, осы Астана күнің мерекелеу...