Астаналық пробацияда сотталғандарға тұрғын үй мәселесін шешуге көмек көрсетілді

Астана қаласының Сарыарқа аудандық пробация қызметінде ұрлық жасағаны үшін 6 айға бас бостандығын шектеуге сотталған, елордаға ақша табу мақсатында көшіп келген, бірақ пәтер ақысын төлей алмаған азамат тұр.

Жаңадан қайта жасаудың алдын алу мақсатында пробация қызметінің қызметкерлері сотталғанды жұмысқа орналастыруға, әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастыруға көмек көрсетті.

«Елордалық ҚАЖД пробация қызметінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, пробациялық бақылаудағы тұлғалардың қайта қылмыс жасауына жол бермеуге бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асыруда, жұмысқа орналасуға, құжаттандыруға, арнайы білім алуға көмек көрсетілуде, психологиялық, құқықтық көмек, мінез-құлықты түзетуге бағытталған түрлі тренингтер өткізіледі, тұрғылықты жерлері бойынша тексерулер, сондай-ақ басқа да алдын алу жұмыстары жүргізіледі. «Біздің мақсатымыз — сотталғандардың жаңа өмірге, еркін өмір бастауына көмектесу»,- деп атап өтті Астана қаласы Сарыарқа аудандық пробация қызметінің бастығы орынбасары әділет майоры Н.Мухтариева».

Жаңа өмірге бастар мүмкіндік

Абай облысындағы ҚАЖ әйелдер колониясында сотталған әйелдерге бостандыққа шығуға...

ЕҢБЕК – ЖАҢА ӨМІРГЕ БАСТАР ЖОЛ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын...

Құқықтық қолдау және ресоциализация: «Антарес» қоғамдық қоры сотталған әйелдермен кездесу өткізді

Әлеуметтік бейімдеу және құқықтық ағарту бағдарламасы аясында «Антарес» қоғамдық...