Петропавл әйелдер колониясында алғаш рет «Қалалық романстар кеші» өтті, оның мақсаты сотталғандарды шығармашылықпен айналысуға және олардың дағдыларын дамытуға баулу, сондай-ақ зияткерлік-шығармашылық бағыттың қалыптасуын қамтамасыз ету.
Іс — шараға Қазақстан Республикасы суретшілер одағының мүшесі Игорь Василенко және Николай Погодин атындағы орыс драма театрының суретшісі Козоев Руслан қатысты. Сондай-ақ, «Курс» тобының әншісі Мұса Сұлтанов әйелдерді өз шығармашылығымен қуантты. Іс-шара барысында қонақтарға танымал композициялар орындалып, суреттер көрмесі дайындалды.
Іс-шара аясында тігін және дизайн курстарынан өткен сотталғандарға дипломдар мен алғыс хаттар табыс етілді. Кейіннен олардың әрқайсысы «Черняева» ЖК-де жұмысқа орналасады. Осылайша, сотталған әйелдердің жүз пайыз жұмысқа орналастыруын қамтамасыз етіледі. Қонақтар сотталғандар дайындаған музыкалық нөмірлер мен
суреттерді жоғары бағалады.
«Мұндай керемет картиналарды ешқандай көркемдік білімі жоқ адам салған мені таңқалдырды. Әрбір бөлшектері мұқият салынғанын ескере отырып, менің ойымша, бұл туғаннан бергі талант. Ол бізге өзінің суреттерін ұсынып қана қоймай, олардың әрқайсысына салынған мағынаны түсіндірді. Шақырғаныңыз үшін алғыс білдіреміз, біз осындай іс — шараға қатысқанымызға қуаныштымыз», — дейді қонақтардың бірі.