Әйелдер колонясында халықаралық күнге орай іс шара өтті

Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты әйелдер колониясы ЛА-155/4 мекемесінде Оңтүстік Африка республикасының бұрыңғы президенті, апартеид кезінде адам құқығы үшін күресте танымал белсенділердің бірі болып , аңызға айналған тұлға — Нельсон Халила Мандела халықаралық күніне орай іс шара өткізілді.

 Мекеме клубында жазасын өтеуші әйелдерге Манделаның өмірбаяны таныстырылып, сонымен қатар «Непокоренный» көркем фильмі көрсетілді.

Бүгінгі күннің батыры саналатын ұлы тұлғаның өмірлік жолы іс -шараға қатысқан әрбір әйелдің жүрегін тербеп,терең ой салды. Азаттық жолындағы Манделаның үлгісі көптеген сотталушылар үшін өмірге жаңа көзқараспен қарауға түрткі болды.

Іс шараның соңы Манделаның өмірлік ұстанымына айналған «Еркіндікте болу деген ол тек ғана тұтқыннан  босатылу емес, сонымен бірге өзгелердің  де еркіндігін құрметтеп , өмірді сыйлау» деген сөзімен аяқталды.

Алматы облысы бойынша ҚАЖД

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём Республики!

В честь Дня Республики сотрудники женской колонии УИС по...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Республика күнімен құттықтады

Республика күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

В честь Дня Республики прошёл турнир по волейболу

В женской колонии УИС по области Абай в честь...