Нұр-Сұлтан қаласында түрмеден босап шыққан азаматты ЖАО қызметкерлері қақпа алдында күтіп алды

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің ЕЦ-166/10 мекемесінен сотталған А.Акимов пен А.Рахметов жаза мерзімінің аяқталуына байланысты босап шықты. Аталған азаматтарға қатысты  «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының аясында мекемеден шығарып салу шарасы өтті.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатуға дайындық кезеңінде бағдарламаға сәйкес психологиялық, медициналық, әлеуметтік-құқықтық көмек, еңбекке және тұрмыстық орналастыру, отбасымен оң байланыстарды нығайту мәселелерінде  тәрбиелік іс-шаралар жүргізілді.

Сотталғандармен босатылатын күні де қолдау және консультациялық көмек көрсету шеңберінде, оны одан әрі әлеуметтік бейімдеу бағытын әзірлей отырып, мекемеге Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы және де «Оңалту технологиялары мен тұжырымдамалыры» мен  «Антарсе-А» қоғамдық қорының білікті мамандар  шықыртылды.

Іс-шара кезінде: оңалтуға жәрдем көрсететін мемлекеттік мекемелердің байланыс деректерін, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша тіркелу, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау органдарында есепке қою және т.б. тәртібін қамтитын жадынама табыс етілді.

Бостандыққа шыққан сотталғандарды қақпа алдынан ұзақ уақыт бойы бостандықта сағына күтіп жүрген әкесі мен бауырлары асыға  қуана қарсы алды.

«Ізгі істер жылуы»: мекеме қызметкерлері оқушыға жаңа оқу жылына дайындалуға көмектесті

Жаңа оқу жылы қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің...

«Әні барда – өзі бар» атты музыкалық кеш ұйымдастырылды

ҚР ІІМ ҚАЖК 79 мекемесінде сотталған азаматшалар арасында қазақ...

Абай облысында рақымшылық бойынша босатылған сотталған азаматты туған бауыры қарсы алды

Абай облысы бойынша ҚАЖ жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...