12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Бас бостандығын шектеу жазасы

Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған А есімді азамат бөтеннің мүлкін ұрлау және бөтеннің мүлкін ашық жымқыру яғни тонау қылмысымен 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Ол жаза өтеу барысында қаскөйлікпен тәртіп бұзғаны үшін 2021 жылы сот қаулысымен жазасы ауыр жазаға ауыстырылып, түзеу мекемесіне жолданған болатын.
Сотталған түзеу мекемесінде жүріп, мекеменің ішкі күн тәртіп ережелерін және режим талаптарын сақтағаны үшін 2022 жылы сот қаулысымен жазасы жеңіл жаза түріне яғни 2 жыл 4 ай 7 күні бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылып, Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебіне қайта алынған болатын.

Алайда, сотталған өз жауапкершілігі мен міндеттерін біле тұра пробация қызметінің есебіне бақылауға алынған соң да жаза өтеу тәртіп бұзушылығын жалғастырған. Сотталған пробация қызметінің ескертуімен түсіндірулеріне қарамастан, жаза өтеу барысында жазаның тәртібін бірнеше рет бұзып, яғни тіркеуге келмеу, әкімшілік құқық бұзушылық жасау, тұрғылықты жерін тастап кету және ойын сауық орнына бару секілді тәртіп бұзушылықтар жасаған. Қармақшы аудандық пробация қызметі сотталғанның жазасын ауыр жазаға ауыстыруға аудан сотына ұсыным жолдаған.

2023 жылғы 6 маусымда Қармақшы аудандық сот ғимаратында сот отырысы өтті. Сот отырысында судья сотқа қатысушылардың уәжін қарап, прокурордың және адвокаттың қорытынды сөзін тыңдап, қаулы шығарды. Сот қаулысымен А есімді азаматтың жазасы 1 жыл 9 ай 23 күнге ауыр жазаға ауыстырылып, түзеу мекемесіне жолданды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Жасырын насыбай алып кірмек болған азамат ұсталды

           Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68...

Осужденные посетили концертный зал QazaQ Classic

Службы пробацией района Байконыр ДУИС г. Астаны при поддержке...

Сотталған азаматтар қауіпті аймақтан Қызылордаға эвакуацияланды

Мамандар "Қазгидромет" пен "Қазсушардың" мәліметтіне сүйеніп осындай қадамға барған....

Қызылорда қалалық пробация есебіндегі азамат қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіне жіберілді

Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебіндегі азаматтармен профилактикалық жұмыстар ұдайы...

Пробация есебіндегі азаматтарға жадынама таратылды

Қазіргі таңда Қызылорда қалалық пробация есесбінде 600-ден астам азамат...