12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Бір сотталған әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Мамыр айының 15-25 аралығында «Подучетник» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД Сауран аудандық пробация қызметі және Полиция бөлімі инспекторларымен бірлесіп, пробация қызметі есебінде тұрған адамдарды тұрғылықты мекен жайы бойынша тексеру жұмыстары жүргізіледі. Қылмыстың алдын алу және бұрын істі болғандармен кері байланыста мұндай шаралардың маңыз зор! Сондықтан ауданда мұндай профилактикалық шараларды жиі өткізіп тұрады.
Іс шара барысында профилактикалық және тізімдік есепте тұрған тұлғаларды мекен-жайлары бойынша тексеріп, құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Бас бостандығынан айыру жазасына байланысты емес жазаға сотталғандардың негізгі міндетін сот белгілейді. Атап айтқанда, оларға жұмыстан немесе оқудан бос кезде міндетті түрде тұрғылықты жерде болу, алкагольдік ішімдік ішетін, құмар ойын-сауық орындарына бармау, пробация қызметіне белгілеген күндері келіп тіркелу міндетті болып табылады. Осы тәртіпті бұзған жағдайда бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына алмастырылады. Ал, шартты жаза болған жағдайда шартты мерзімді ұзарту немесе шартты жазаның күшін жойып бас бостандығынан айыру жазасына алмастыруға сотқа ұсыныс жолданады, — деді Сауран аудандық пробация қызметінің басшысы әділет әділет аға лейтенанты Қайсарбек Қазыбекұлы.
Пробация қызметі бастығының сөзіне қарағанда бір күнде 25 сотталғанның үйі мен жұмыс орынына барып тексерген. Тексеру барысында бір сотталғанға ескерту беріліп, әкімшілік жазаға тартылған. Сотталған тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеуде болмаған. Ол тексеру барысында пробация қызметінің инспекторына ескертпестен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Егер шартты түрде сотталушы сынақ мерзімі ішінде өзінің түзелгенін дәлелдесе шартты түрде соттаудың мерзімінен бұрын босату жөнінде сотқа ұсыныс беріледі. «Подучетник» жедел-профилактикалық іс-шарасының өтуі барысында құқық бұзушылыққа бейім адамдар тізімі анықталып, есепте тұрған сотталғандардың тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерістер жүргізіліп, сотталғандармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Сотрудники УИС оказывают помощь осужденным

Осужденный А., состоящий на учете службы пробации Илийского района,...

РАТТ МҮШЕСІ ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыстық Дін істері басқармармасының ұйымдастыруымен «Облысқа республикалық ақпараттық түсіндірме...

Есепке тұрған сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырысы өтті

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Астана қаласының...