spot_img
spot_img

Сотты болғандардың да арманы бар

Өмірде қателік жасап шалыс басқандар да қоғамнан өз орнын тауып қайта қылмыс жасамауына мемлекет тарапанынан әртүрлі қолдау көрсетілуде. Осындай мүмкіндікті қалт жібермей берілген көмекті дұрыс пайдаланған сотталғандар да бар. Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Сауран аудандық пробация есебінде тұрған азаматтарға аудандық прокуратурасының прокуроры Қ.Анарбаев құқықтық және өзге де көмектерді ұйымдастыру бойынша жиын өтті.

Сауран аудандық пробация қызметінің басшысы әділет әділет аға лейтенанты Қайсарбек Қазыбекұлы басшылық жасаған жиынға Түркістан қалалық прокуратурасының прокуроры Қ.Анарбаев және он бес сотталған қатысты.

Күні кеше қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға құқықтық және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша Сауран аудандық пробация үйінде сотталғандарды жеке-жеке қабылдап, олар көкейлерінде жүрген сұрақтарын аудандық прокуратураның прокуроры Қ.Анарбаев мырзаға қойып, ұтымды жауап алды.

Күн тәртібіне сәйкес, пробация есебінде тұрған сотталғандардың әлеуметтік, медециналық және құқықтық мұқтаждықтары тыңдалады. Бас бостандығынан шектеу жазасына тартылғандар өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын сала мамандарына қойып, тұщымды жауап алды. Сотталғандар тарапынан қойылған сұрақтардың басым бөлігі құқықтық және әлеуметтік мәселесі болды. Олар мемлекет тарапынан берілетін үйдің кезегіне тұрудың жолдарын, сонымен қатар әлеуметтік көмек алудың құқықтық жолдарын сұрады. Аталған шараға қатысқан 15 сотталғанның да басында баспанасы жоқ екен анықталды.

Аталған Заңмен Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық-атқару кодекстеріне, сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына пробация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты.

Қазіргі уақытта Заңдар мен бұйрықтарға өзгерістер әзірлеу аясында пробация міндетін кеңейтумен бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындау механизмін жетілдіру жүргізіліп жатыр. Бас бостандығынан шектеуге және бас бостандығынан айыру орындарынан мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған адамдарға қатысты әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселесі пысықталып жатыр. Осы жұмыстың табысты орындалуы жергілікті атқарушы органдармен, мемлекеттік органдармен, сондай-ақ пробация қызметінің қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жұмыстарының нәтижесіне байланысты, сотталғанның түзелуі және біздің мемлекетіміздің заң тыңдаушы азаматы ретінде оның оң жолға түсуі соңғы нәтиже болып табылады, — деді Сауран аудандық пробация қызметінің басшысы әділет әділет аға лейтенанты Қайсарбек Қазыбекұлы.

Сотты болғандардың да арманы бар. Пробация қызметінде жазаларын өтеп жүргендер өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын сала мамандарына қойып тұщымды жауап алды. Мамандар оларға құжаттарды дұрыс рәсімдеудің жолдарын да айтып түсіндірді. Ал, өздерінің мақсатына жету үшін аянбай ету сотталғандардың өз қолында екені белгілі. Бас бостандығынан шектеу жазасына тартылғандарды қоғамға бейімдеу мақсатында мемлекет тарапынан берілген көмекті пайдалану әрине сотталғандардың өз қолдарында.

Бас бостандығын шектеу жазасы

Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған А есімді азамат...

Сотрудники УИС отметили день Детей

1 июня ко Дню защиты детей, администрация учреждения №49...

ҚАЖ қызметкерлері балалар қорғау күнін атап өтті

1 маусым Балаларды қорғау күніне орай, Алматы және Жетісу...

Жекеқұрамға патриоттық тәрбие берілді

Еңсесі биік, Тәуелсіз ел жастарының патриоттық сезімдері жоғары болуы...

Открытый показательный судебный процесс проведен в г.Алматы

По  совместной инициативе Медеуского районного суда №2 г.Алматы  и...