Тәуелсіздіктің үздік дәрігері деген атқа лайық деп білеміз

Ғұмырының 36 жылын медицинаға арнаған жанды Тәуелсіздіктің үздік дәрігері деген атқа лайық деп білеміз.
Біз, әріптесіміз, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісінің иегері Алдибаева Набигул Окенқызы туралы айтып отырмыз.
Набигүл Окенқызы осыдан 36 жыл бұрын, қолына дипломын алған бойда Отан соғысы мүгедектеріне арналған Республикалық клиникалық госпитальге қызметке қабылданып, алғашқы еңбек жолын осында бастайды. Сол бір жылдарды әріптесіміз сағынышпен еске түсірді.

Мен бұл госпитальге сонау 1985 жылы оқуды бітіре салып, жұмысқа тұрдым. Ол кезеңде оқу орнынан арнайы жолдамамен жіберетін және бұл госпитальде тек қана Отан соғысы ардагерлері ем қабылдайтын. Аллаға шүкір содан бері тапжылмай, бір орында қызмет еттім. Бүгінде екі қызым және алтындай немерелерім бар. Тәубе деймін.
Өзім алдымен терапия бөлімінде, кейіннен гастрология бөлімінде істедім. Ем шаралар бөліміне 17 жылымды арнадым. Осы жұмысыма дән ризамын, көп нәрсе үйрендім, білдім. Госпиталь басшылығына да, ұжымыма да өте ризамын. Білімімді жетілдіру үшін оқуға да жіберді. Қандай жағдайда да көмектесуге әзір тұрады. Коллектив өте ұйымшыл.
Набигүл Окенқызы бүгінде рентген бөлімінде лаборант боп қызмет етеді.
36 жыл… Былай қарағанда аз ғана уақыт. Бірақ бір салада, бір орында осыншама жыл тынбай еңбек ету, ол ерлік. Әсіресе медицина саласында.
Біз «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісінің иегері Алдибаева Набигул Окенқызы туралы айтып отырмыз.
Набигүл Окенқызы осыдан 36 жыл бұрын, дипломын алған бойда Отан соғысы мүгедектеріне арналған Республикалық клиникалық госпитальде еңбек жолын бастайды.
Нәбигүл Окенқызының өзі айтсын:

Мен бұл госпитальге сонау 1985 жылы оқуды бітіре салып, жұмысқа тұрдым. Ол кезеңде оқу орнынан арнайы жолдамамен жіберетін және бұл госпитальде тек қана Отан соғысы ардагерлері ем қабылдайтын. Аллаға шүкір содан бері тапжылмай, бір орында қызмет еттім. Бүгінде екі қызым және алтындай немерелерім бар. Тәубе деймін.
Өзім алдымен терапия бөлімінде, кейіннен гастрология бөлімінде істедім. Ем шаралар бөліміне 17 жылымды арнадым. Медицина саласын таңдағаныма дән ризамын, көп нәрсе үйрендім, білдім. Госпиталь басшылығына, ұжымыма да өте ризамын. Білімімді жетілдіру үшін оқуға да жіберді. Қандай жағдайда да көмектесуге әзір тұрды. Коллектив өте ұйымшыл, бір-біріне жанашыр. Мен әріптестеріммен мақтанамын.
Әріптестерімді Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Қызметте абыройлы, дендеріңіз сау, жақындарыңыз аман болсын дейді.


Қарақыз Алданышқызы

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары

Сыбайлас жемқорлық – мәртебесі мен даму деңгейіне қарамастан барлық...

Кассациялық сатыдағы соттың маңыздылығы

Елімізде 2025 жылдан бастап сот саласына жаңашылдық енізіліп, кассациялық...

Соттағы қылмыстық істерді қараудың басты бағыттары: әділдік пен заңдылық кепілі

Қылмыстық істерді сотта қарау – адам тағдыры шешілетін, қылмыстық...