Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі трагедияның болып өткеніне 40 күн

Алматыда тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі трагедияның болып өткеніне 40 күн өткен соң алаңда митинг өтіп жатыр. Тұрғындар қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қаны төгілген құрбандарды еске алу мақсатында жиналған.  Назарбаев пен Сәтпаев көшелерінің өтіп жатқан шеруге 500-ден аса адам жиналған, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Жиналған 300-500 адам сағат 12-ден бері алаңда тұрып, ақырындап тарқай бастады. Митинге шыққандар азапталғандары босатуды талап етті. Сондай-ақ, олардың талаптардың ішінде терең саяси реформаларды бастау да айтылды.

“Халық жиналған көшелер ашық, жиналғандарды полиция қатаң бақылап тұрған жоқ. Алайда бірнеше патрульдік полиция жол бойында тұр”, – дейді оқиға орнынан Stan.kz тілшісі.

Митингке шыққандар қаңтар оқиғаларында қаза тапқандарға ескерткіш орнатуды, көшені көлік өтпейтіндей жабуды, тәртіпсіздіктер кезінде ұсталғандардың барлығын босатуды талап етті.

Жиналғандар арасында белсенділер Жанболат Мамай, Болат Әбілов, Рыспек Сәрсенбаев, ҚР-да тіркелмеген «El Tiregi» партиясының өкілі мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаев бой көрсетті, сөз сөйледі.

Оппозициялық белсенді Жанболат Мамай Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың алаңға келіп, халықпен сөйлесуін талап етуде.

Сондай-ақ, қайтыс болған азаматтарды еске алу мақсатында “перформанс” жасалған, марқұм болғандардың суреттері қойылып, шамдар қойылған. Ал алматылықтар олардың құрметіне гүл қойып кетіп жатыр.

Жиналғандардың арасында “шатыр құрып, тұрайық” деп жатқандар да бар. Митингке жиналғандар көтеріп шыққан лозунгтар ішінде: “Стоп фашизм”, “Халық террорист емес” және т.б көруге болады.

Митингшілер арасында оқиғаға қатыст халықаралық зерттеу жүргізілуін талап еткендер бар. Жиналғандардың ішінде қайтыс болған азаматтардың туыстары, азапталған азаматтардың жақындары талаптарын білдіріп жатыр.

Экспертное заключение

«ADALDYQ CUP» — эффективный инструмент трансформации государственной службы Качество современного...

Эксперттік қорытынды

«ADALDYQ CUP» — мемлекеттік қызметті трансформациялаудың тиімді құралы Бүгінгі мемлекеттік...

Нет коррупции!

Коррупция остаётся одной из наиболее актуальных проблем современного общества,...

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кері әсерін тигізіп, азаматтардың...

ЭКСПЕРТНОЕ ЗАКЛЮЧЕНИЕ

Статья «Прозрачность бюджетных процессов и конкурентные государственные закупки: проблемы...