ТҮРМЕГЕ ПОШТАМЕН КЕЛГЕН ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН ТӘРКІЛЕНДІ

Бас бостандығынан айыру орындарына тыйым салынған заттарды өткізушілердің ойлап табатын айласы көп. Сотталғандар мен күдіктілерге әкелетін сәлемдемелерді тексеретін бақылаушылар әр конфет пен темекіге дейін ашып-қарайды. Тіптен нанның ортасын тіліп тексереді. Өйткені тыйым салынған заттарды тасымалдаушылар әкелген заттарының бақылаушылардың тексерісінен қалайда аман өтуі үшін түрлі жолдарды мұқият қарастырады. Негізінен тасымалданатын заттар – ұялы телефондар мен есірткі заттары.

Жуырда Алматы қаласындағы тергеу изоляторынан тағы да осындай екі факт анықталды. Бұл жолы сотталған Қайрат атты жігітке «Қазпочта» арқылы келген электр шәйнегінің түбіне жасырылған Самсунг ұялы телефоны табылды. Қазір тыйым салынған затты поштамен жіберген 1989 жылы туған Ермекке қатысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар сотталған Абилхаирға жіберілген есірткі ұнтағы ЛА-155/18 мекемесінің жедел бөлімінің ақпараты бойынша тәркіленді. Тергеу изоляторының сәлемдемелерді қабылдау-тарату бөлмесінде қолға түскен Бағдат «сәлемдемесін» аяқ киімнің ұлтанына жасырыпты. Аталған факт бойынша Алматы қаласы Түрксіб ауданы полиция департаментінің жедел-тергеу тобы шақырылып, заңсыз әрекет ПД-нің ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді.

Гүлнәр Мағзұмова

ҚАРТТАРЫМЫЗҒА — ҚҰРМЕТ, АҒА БУЫНҒА — АЛҒЫС!

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қызылорда облысы...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде киберспорттан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде ұстаздарды мерекемен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде Ұстаздар күні...

Жаңа өмірге бастар мүмкіндік

Абай облысындағы ҚАЖ әйелдер колониясында сотталған әйелдерге бостандыққа шығуға...