Түрмеде тіс дәрігері  қызмет көрсетеді

Алматы облыс бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА-155/16 мемлекеттік мекемесінде жазасын өтеп жатқандарға  тіс дәрігері де  қызмет көрсетеді.

Асфендияров атындағы Алматыдағы мемлекеттік медицина институтын тәмәмдап  жиырма алты жыл ауруханаларда  тіс дәрігері қызметін атқарған  Сайлаубек Демеубаев кәсіби маман.  ЛА-155/16  мекемесінде 2019 жылдан бері тіс дәрігері болып қызмет етеді. Талапқа сай амбулаториялық журнал жүргізіп, ауруларды алдын ала жазылым бойынша қабылдайды. Түрмеге жанадан түскендерді  алты айға дейін тексеріп,  амбулаториялық карта толтыру қалыптасқан. Сөйтіп, тіс жұлу, емдеу түрмеде де медициналық талапқа сай жүргізілуде. Тіс дәрігерлері күнінде орай  дәрігер еңбегін бағалаумен қатар оның Гипократ заңын қай жерде еңбек етсе де сақтап, дәрігерлік парызын өтеп жүргенін баса айтқан  дұрыс.

Алматы облысы бойынша ҚАЖД

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...