Түркия Ресейге қарсы санкция салудан бас тартты

Анкара Ресеймен арнаны ашық ұстау үшін қарсы санкция салуды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы CNN Turk арнасына берген сұхбатында Түркия президентінің өкілі Ибрагим Калын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Біз еліміздің басымдықтарын ескере отырып әрекет етуіміз керек. Ресеймен сөйлесе алатын фактор болуы керек. Бәрі теріс айналып жатса, Ресеймен кім сөйлеседі? Біз осы арнаны ашық қалдыру үшін санкциялар пакетін жоспарлап отырған жоқпыз», — деді Калын.

Түркия президентінің өкілі Украинадағы соғыстың жалғасуы Ресей үшін үлкен апатқа айналуы мүмкін екенін ескертті. Оның айтуынша, Мәскеудің Қырымды тану және Украинаны қарусыздандыру туралы талаптары шындыққа жанаспайды.

Ибрахим Калын Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің екінші кезеңі 2 наурызда өтуі екіталай деп санайды. Техникалық мәселелерге байланысты кездесу бір-екі күнге кейінге шегерілуі мүмкін.

Сондай-ақ, Ердоғанның өкілі ресейлік спортшылардың халықаралық жарыстардан шеттетілуі орынды қадам емес екенін айтты.

Түркия Ресейге қарсы санкцияларға қатысқысы келмейтінін Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу да мәлімдеді.

«Біз мұндай санкцияларға мүлдем қатыспадық. Бұл санкцияларға қатысуға ниетіміз жоқ», — деп келтіреді министрдің Twitter-дегі сөзін Anadolu агенттігі.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....