spot_img
spot_img

Түркістанда үйдің кезегін жылжытып беремін деген алаяқ анықталды

Кентау полициясына жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде арызданды. Оған сырттай танысы мемлекет тарапынан берілетін үйдің кезегін жылжытып беретінін айтқан. Бұл қызметі үшін 450 мың теңге ақшасын алып, 1 жылдай алдап келген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді.

Тәртіп сақшылары хабар түсісімен бірден іске кірісті. Күдікті әйелді табу үшін жан-жақты іздестіру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшылары атқарған жедел шаралардың нәтижесінде, алаяқтық жайтына қатысы бар жұмыссыз жергілікті тұрғын әйелді анықтады.

Белгілі болғандай күдікті әйел өз арам ойын іске асыру үшін танысына үйдің кезегін жылжытып беремін деген жалған уәдеге сендіріп, ақшасын алған. Осыдан соң уәде орындалмай, не ақша қайтарылмай 1 жыл бойы жәбірленушіні әуре-сарсаңға салған. Сонымен қатар күдікті әйел мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақыны алып бере алатынын айтып 2 танысын қоса алдаған. Сезікті оларға мемлекеттен берілетін жәрдемақыны алып беретінін айтып, әрқайсысынан 25 мың теңгеден ақша алған. Бүгінде күдікті әйелге қатысты тергеу жүргізілуде.

Облыс полицейлері тұрғындарға барынша қырағы болып, алаяқтарға алданбауға шақырады!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Жұмыс режимін сақтау бойынша жиын өткізілді

2024 жылдың 10 желтоқсанында Мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимін...

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...