Түркістан облысының полицейлеріне экстремизмнің алдын алу бойынша сабақ өткізілді

Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастамасымен полицейлердің біліктілігін арттыру мақсатында, Түркістан облысы бойынша «AQNIET «ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының өкілдерімен кездесу өтті. Онда теологтар күн сайын халықпен тығыз байланыста жұмыс істейтін жедел уәкіл қызметкерлері үшін оқыту сабақтарын өткізді.

Сабақ барысында ұйымдастырушылар «салафизм» идеологиясының негіздері, оның дәстүрлі ислам нормаларынан негізгі айырмашылықтары, діни экстремистік ұйымдардың құрылу тарихы туралы айтып, сондай-ақ күнделікті қызметте қажетті өзге де мәліметтер берді.

Аталмыш сабақ кезінде тәжірибесі аз, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жас қызметкерлерін ақпараттандыруға ерекше назар аударылды. Себебі оларды адамның деструктивті діни ағымдарға жату белгілерін анықтауға, қылмыстық қудалау орбитасына енуі мүмкін экстремистік идеялардың ізбасарларының психологиясын түсінуге үйрету маңызды болып табылады.

Бұл іс-шара біліктілікті арттыру қызметтік міндеттерін неғұрлым тиімді орындауға және азаматтардың заңды мүдделерін қорғауға ықпал етеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...

«ЗАКОНЫ НЕ РАБОТАЮТ»: УДОБНЫЙ МИФ ИЛИ ГОРЬКАЯ ПРАВДА? 

ЕСТЬ ФРАЗА, КОТОРУЮ В КАЗАХСТАНЕ МОЖНО УСЛЫШАТЬ ПОЧТИ В...