Түркістан облысының полицейлері «Учаске» іс-шарасының қорытындысын шығарды

Түркістан облысының аумағында Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері 1 айға жоспарланған «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Ондағы негізгі мақсат — қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелердегі құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтармен сенімді қарым-қатынас орнату.

Іс-шара кезінде учаскелік полиция инспекторлары визит карточкаларын таратып, қызмет көрсетілетін әкімшілік аймақтарындағы аула және пәтерлерді аралап, жалға берілетін пәтерлерді, базарлар мен ойын-сауық мекемелерін, заңсыз келген шетелдіктерді, шаруа қожалықтарын, тіркелмеген қару сақтауды, сондай-ақ қолайсыз отбасылар мен профилактикалық есепте тұрған адамдарды тексерді. Мәселен, «Учаске» шарасы кезінде полицейлер 357 мыңнан астам пәтер мен 336 мыңға жуық үйді аралады. Тәртіп сақшылары облыс бойынша 314 жалдамалы пәтерді анықтады. Сондай-ақ тұрғылықты жері жоқ 83 адам анықталып, оның ішінде 11-і қабылдап-тарату орнына орналастырылды. Сонымен қатар қару иелерінің тұрғылықты жері тексеріліп, заңсыз айналымнан 10 бірлік тіркелмеген қаруды тәркіленіп алынды. Учаскелік инспекторлар құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы 829 ұсыныс енгізді. Көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша 450-ден астам құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Полицейлер атап өткендей, мұндай жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ полиция мен халықтың кері байланысын нығайтуға ықпал етеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

В Алматинской области более 460 детей получили медицинскую помощь в рамках выездных осмотров

В рамках мероприятий, приуроченных ко Дню Республики Казахстан, специалисты...

Алматы облысында 460-тан астам балаға көшпелі медициналық көмек көрсетілді

Қазақстан Республикасы күніне орай Облыстық балалар клиникалық ауруханасының мамандары...

Сот қызметін ұйымдастыру – жауапты әрі маңызды міндет

Істің көзін тапқан, қисықтың тезін тапқан мамандар ғана халық...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тілдің қоғам...

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ 

Қазіргі қоғамда жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу – маңызды...