12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның жол жиегіне шығып кеткен көлігін шығарып, алғыс арқалады

Бүгін сағат 00:10 шамасында ауа-райы нашарлап, қалың қар жаууына байланысты, «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолының 743 шықырымында «Ауди 100» маркалы автокөлігі жол жиегіне шығып кетеді. Көліктің қарға батып, жолдан шығып кеткенін патрульдеу бағыттары бойынша қызмет атқарып жүрген Түркістан облысы ПД ЖПҚБ ППБ-ның қызмет инспекторлары полиция аға лейтенанты Бақыт Оразбаев пен полиция аға лейтенанты Нұрсұлтан Сайымкулов байқап қалады. Содан тәртіп сақшылары бірден әрекет етіп, автокөлік иесіне көмектеседі.

Осылайша тәртіп сақшылары автокөлікті жол ортасына сүйреп шығарып, жүргізушінің алғысын алды: «Қардың қалың түсуіне байланысты, жолдың шетіне шығып кеттім. Ал полиция қызметкерлері дереу қолғабыс етіп, көлігімді қауіпсіз жерге тартып шығарды. Алла разы болсын, еңбектеріңіз жана берсін!». Қыс мезгілі келісімен, Түркістан облысы аумағында қалың қар жауып, ақ түтек боран басталды. Облыста күн суытуы жолдардың барлығында көліктердің жүруіне кедергі келтіруде. Осындай ауа райында азаматтардың амандығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, Түркістан облысы ПД-нің тиісті сала қызметкерлері республикалық, облыстық маңызы бар жолдарға жұмылдырылды.

Осы тұста полицейлер, азаматтарды күн райының өзгеруін бақылап, ескерту хабарламаларын назарға алуға және қажетті сақтық шараларын сақтауға шақырады. Сондықтан аса қажеттілік болмаса, жолға шықпаңыздар!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...

«Арсыз, надан» деген сөздер ар-намысты қорлауға жата ма? Адвокат жауабы

Белгілі адвокат Жания Бодау "Арсыз, надан" сөздері ар-намысты қорлауға...