Түркістан облысының полицейлері тұрғынның жоғалған 7 бас жылқысын тауып берді

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын 7 бас жылқысының жоғалып кеткендігі туралы айтып, оны табуға көмек сұраған. Ол жылқыларының Ынталы ауылына қарасты егістік алқапта жайылымға жібергенін, оларды іздеп барғанында сол аймақтан таба алмағандығын айтып көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі 4 миллион теңгеге жуық болған. Полиция қызметкерлері аталған хабарлама бойынша жедел іздеуге кірісті. Ауыл-аймақты толық тексеріп, бақташылардан жауап алды. Жүргізілген іздестіру іс-шаралардың нәтижесінде, жоғалған жылқылар бірнеше күн ішінде көрші ауылдан табылды. Яғни, 10-15 шақырымдық жерде жайылып жүрген.

Осылайша тәртіп сақшылары жоғалған жылқыларды тауып, өз иесіне табыстады. Өз кезегінлде полиция қызметкерлерінің атқарған қызметтеріне риза болған тұрғын М. Кенжебаев: «Мен жылқыларымды жоғалтып алып, өз бетімше 3 күн іздеп таба алмадым. Содан тәртіп сақшыларына хабарластым. Олар 5 күнге жеткізбей жылқыларымды тауып берді. Барша полиция қызметкерлеріне алғысымды айтамын. Оның ішінде учаскелік поилция инспекторларына мың рақмет! Жұмыстарыңыз өрге баса берсін!»-деп, алғысын айтты.

Түркістан облысының полицейлері малыңыз ұрланып немесе жоғалған жағдайда, ізін суытпай табу үшін, 102 нөмеріне қоңырау соғу керектігін ескертеді.

Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметі

Заңгер мәдениеті-әділет пен жауапкершіліктің өлшемі

Қазіргі қоғамда заңгер мамандығына қойылатын талап күн санап артып...

Болашақ заңгер мәдениеті

Құқық саласы – қоғамның тұрақтылығы мен әділеттілігінің кепілі. Бұл...

АДАЛДЫҚ – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кері әсер ететін, мемлекет...

Инвестиция в будущее страны

ИЗВЕСТНО, ЧТО 1 ИЮНЯ В КАЗАХСТАНЕ ТРАДИЦИОННО ОТМЕЧАЕТСЯ МЕЖДУНАРОДНЫЙ...

Эволюция судебной системы в контексте новой Конституции 

Конституционная реформа 2026 года, одобренная на общенациональном референдуме 15...