Түркістан облысының полицейлері ұрлық қылмысына қатысы бар ер адамды ұстады

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері тұрғынның темір-терсегін ұрлап, сатып жіберген ер адамды ұстады. Нақтырақ айтсақ, полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып келді.

Жәбірленуші ер адамның айтуынша, оның ескі сарай ішінде сақтаулы тұрған 2 самаурынын, аккумулятор қуаттағыш пен ұсақтағыш құралын белгісіз біреулер жымқырып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 180 000 теңгеден асады. Түркістандық сақшылар аталған қылмыстық істі ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Орын алған ұрлықты ашып, кінәлілерді құрықтауда тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Куәлардан сұрастырып, жедел әрекет етті. Осылайша жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Ол бұрын сотты болған, жұмыссыз ер адам болып шықты.

Белгілі болғандай, ақша керек болған ер адам түнгі уақытта арам ойын іске асырған. Оңай олжасын үй иесіне байқатпай ұрлап, заттарды металл қабылдайтын орынға өткізіп, ақшаны жаратқан. Қазіргі таңда ер адам қамауға алынып тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...