Түркістан облысының полицейлері оқушыларға арнап «Ашық есік күнін» ұйымдастыруда

Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы қылмыстар, құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары аясында арнайы танымдық экскурсия ұйымдастырды. Шараға мектеп оқушылары жұмылдырылды.

Яғни жасөспірім ұл балалар полиция бөліміне келіп, ондағы жедел басқару орталығы, тергеушілер мен криминалистердің арнайы бөлмелері, кезекшілік бөлім мен өзге бөлмелер аралап, жұмысымен танысып шықты. Сондай-ақ мектеп бітіруші оқушылар арасында полиция қызметіне қызығушыларды ҚР ІІМ-нің Жоғары оқу орындарына шақыру, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Экскурсия соңында оқушылар полицейлерге арнайы уақыт бөліп, көңіл аударғандары үшін алғыстарын айтты. Полиция бөлімін аралап, тыныс-тіршілігімен танысқан балалар болашақта полиция қызметкері боламын деген сөздерін мақтанышпен жеткізді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...