Түркістан облысының полицейлері нашақорлықтың алдын алу бойынша семинарға қатысты

Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында, облыс орталығының «Ән-күй» ғимаратында Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Кел талқыLike» атты семинар-тренинг өтті. Іс-шараға Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі А.Әмірбеков, Түркістан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік құқық бөлімінің, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, Түркістан қаласы Адами әлеуетті дамыту бөлімінің, әлеуметтік даму бөлімінің өкілдері, нарколог-дәрігерлері мен психологиялық диспансердің психолог-мамандары қатысты. Сондай-ақ, 400-ге жуық мектеп оқушылары мен колледж студенттері, мұғалімдер, мектеп президенттері және облыстың 17 ауданының белсенді жастары қатысты. Семинар-тренинг барысында полиция полковнигі А.Әмірбеков қоғамда кең таралған «синтетикалық есірткілерді» сақтау, өткізу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертіп, заң бойынша толық түсіндіріп өтті. Ал нарколог пен психологтар есірткінің адам ағзасына зияны туралы дәрістер оқып, жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Сонымен қатар мектеп президенттері мен студент жастар іс-шараны ұйымдастырушыларға өдерінің тараптарынан есірткі қылмысы мен нашақорлық тақырыбында түрлі сұрақ қойып, мамандардан толық жауап алды. Сондай-ақ іс-шара кезінде қатысушыларға есірткіні қолданудың зияны туралы бейнематериалдар көрсетілді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...