12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Түркістан облысының полицейлері көліктен жолаушыға тиесілі шолақ мылтық тәркіледі

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, түрлі қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, облыс орталығының полицейлері мен басшы құрамы рейдтік-профилактикалық жұмыстарды атқаруда.

Осындай кезекті тексеріс кезінде Түркістан ҚПБ бастығының орынбасары полиция капитаны Тастемір Ілияс пен патрульдік полиция қызметкерлері Жібек жолы көшесі бойында, түнгі сағат 21:40 шамасында «Skoda Superb» маркалы көлікті тоқтатады. Себебі көлік жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпай келе жатқан. Одан әрі полицейлер жүргізушінің құжаттарын тексеріп, көліктің ішінен қаруды байқады. Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы шақыртылып, аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркелді. Жүргізушіден жауап алу барысында қару қасындағы жолаушы, яғни досына тиесілі екені анықталды. Ал күдікті жас жігіт болса, қаруды тауып алғанын жеткізді. Куәлардың қатысуында алынған қару, қосауызды 16 калибрлі қолдан жасалып, нөмірі өшірілген шолақ мылтық болып шықты. Айғақты зат ретінде алынған қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Бүгінгі таңда күдікті жолаушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға атыс қаруын қолданумен қылмыс жасағаны, сондай-ақ атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны және өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...

«Арсыз, надан» деген сөздер ар-намысты қорлауға жата ма? Адвокат жауабы

Белгілі адвокат Жания Бодау "Арсыз, надан" сөздері ар-намысты қорлауға...