Түркістан облысының полицейлері алаяқтық қылмысына қарсы іс-қимыл шараларын талқылады

Түркістан облысы Полиция департаменті ғимаратында алаяқтықпен байланысты, соның ішінде интернет желісі мен ұялы байланыс құралдарын пайдаланумен болатын қылмыстардың алдын алу және оларға қарсы іс-қимыл тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Кездесуге Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Бағланбек Айтпаев, Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Сұлтанбек Үсіпбеков, ішкі саясат басқармасының, мәдениет және дін істері басқармасының, сондай-ақ «Halyk Bank», «Kaspi Bank «, «Forte Bank» сияқты екінші деңгейдегі банк филиалдарының өкілдері мен басқа да тиісті сала қызметкерлері қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты — Түркістан облысында алаяқтық жайттарының алдын алу және болдырмау, халықты осындай қылмыстарға тосқауыл қою туралы шаралармен таныстыру, түсіндіру болып табылады. Тәртіп сақшылары атап өткендей, бүгінгі таңда кең таралған қылмыс түрінің бірі — алаяқтық. Мәселен ағымдағы жылдың 8 айында облыс аумағында 321 алаяқтық фактісі тіркеліп, оның 152-сі сотқа жолданған, ал қылмыстың ашылуы 48,9% — ды құрайды. Дегенмен әрбір ашылмаған қылмыстық істің артында интернет-алаяқтықтың құрбаны болған жәбірленушілердің әл-ауқаты жатыр. Статистикаға сүйенсек, алаяқтардың құрбандары көбінесе жаңа технологиялар туралы, оның ішінде банк саласы туралы білмейтін қарт кісілер немесе сенгіш, қарапайым азаматтар болады. Осындай тез алданып, сеніп қалатын адамдардың салдарынан, соңғы үш жылда интернет-алаяқтар заңсыз несиелер рәсімдеп, жәбірленушілерге 200 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Осы тұрғыда аталмыш дөңгелек үстелге қатысушылар заңсыз онлайн-несие берудің жолын кесу бойынша өз пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ интернет-алаяқтықтың жолын кесу үшін бірлескен шараларды ұйымдастыруды талқылады. Талайды сан соқтырған алаяқтық қылмысына жол бермеу мақсатында Түркістан облысы Полиция департаментінің киберқылмыстың қызметкерлері халыққа интернет-алаяқтықтың түрлері туралы ақпарат жеткізу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын тілге тиек етсек болады. Яғни, тәртіп сақшылары түрлі буклеттер мен бюллетеньдер таратып, баннерлер мен Led-экрандарда алаяқтық қылмысы туралы көрнекі ақпарат орналастыруда. Тіпті телеарналар, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы алаяқтықтан қалай қорғану туралы бейнероликтер көрсетуде. Мұның барлығы алаяқтық қылмысын жоюға айтарлықтай өз септігін тигізеді деген үмітпен, бұл бағыттағы шаралар үздіксіз жалғаса бермек.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТ ЖҰМЫСЫНЫҢ 9 АЙЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде...

ДҰРЫС АУДАРМА ЖАСАУ ҮЛКЕН ӨНЕР

Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология  факультетінде...

В учреждениях области Абай провели онлайн-турнир по шахматам

Среди осужденных, отбывающих наказание в учреждениях уголовно-исполнительной системы области...

ӘДІЛЕТ ЖОЛЫНДАҒЫ ОТЫЗ ЖЫЛ

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының 30 жылдығына орай Сот жүйесі –...