12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Түркістан облысының полицейлері ақша ұрлаған зейнеткерді анықтады

Түркістан ҚПБ-ға ұрлықтың құрбаны болған жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші әйелдің айтуынша,оның дүкен сөресінде тұрған сөмкесінен 180 мың теңге ақшасын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді.

Тәртіп сақшылары хабар алысымен оқиға орнына жедел жетті. Ұрлық жайты орын алған аймақтың барлығын жіті тексеріп, куәлардан жауап алды. Дүкен ішіндегі бейнебақылау камераларын тексеріп, ақшаны жасырын ұрлаған күдіктіні байқады. Полицейлер осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жүргізіп, күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Жамбыл облысының тұрғыны болып шықты. Полиция қызметкерлерінің атқарған тыңғылықты жұмыстарының нәтижесінде күдікті зейнеткерді небары тәулік ішінде ұстады. Айғақты зат ретінде қолды болған ақша тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды.

Белгілі болғандай, 65 жастағы зейнеткер дүкенге мата алу мақсатында келген. Содан соң айналасында адамдардың жоқтығын пайдаланып, сөмкедегі ақшаны алып кеткен. Полиция қызметкерлері зейнеткердің бұрын сотты болғанын анықтады. Бүгінгі таңда егде жастағы әйел қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға бағалы заттарыңыз бен ұялы телефондарыңызға, әмияндарыңызға сақ болыңыздар деп ескертеді. Қалта ұрыларының көзіне түспес үшін бағалы заттарыңызды көрсетпей, аузы жабық сөмке ішіне салып қойыңыздар деп кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...

«Арсыз, надан» деген сөздер ар-намысты қорлауға жата ма? Адвокат жауабы

Белгілі адвокат Жания Бодау "Арсыз, надан" сөздері ар-намысты қорлауға...