Түркістан облысының полицейлері 4 жайт алаяқтық жайтына қатысы бар келіншекті анықтады

Кентау ҚПБ-ға кезекші бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтықтың құрбаны болғаны туралы шағым түсірді. Әйелдің айтуынша, оның үйіне бейтаныс адам келіп, әлеуметтік көмек алып бере алатынын айтып, ұсыныс білдірген. Осылайша әлеуметтік көмек алып беремін деген сөзіне сенген тұрғын, оған 250 000 теңге ақша берген. Алайда айтылған уәде орындалмаған.
Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеп, күдіктілерді іздеуге кірісті. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықтады. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын, жас келіншек болып шықты.
Күдікті әйелдің бұдан басқа осындай 3 алаяқтық жайтына қатысы бары расталды. Жалпы тұрғындарға келтірілген шығын 1,5 миллион теңгеге жуық.
Бүгінгі таңда сезікті жас әйелдің басқа да осыған ұқсас алаяқтық деректеріне қатыстылығы анықталуда. Олардың саны көп болуы да мүмкін. Осыған орай сотқа дейінгі тергеу амалдары тыңғылықты жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият болуды және әртүрлі жәрдемақы алуға немесе жұмысқа орналасуға күмәнді қызметтер ұсынатын бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қазақстандық оқушылар BilimClass журналы арқылы мұғалімдерге виртуалды гүл шоқтарын сыйлай алады

BilimClass электрондық журналы 25 мамырға орай ерекше науқан бастады Оқушылар...

Казахстанские школьники смогут дарить виртуальные букеты учителям через журнал BilimClass

Электронный журнал BilimClass запустил трогательную акцию к 25 мая Школьники...

Әскери ант қабылдау рәсімі болды

2026 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі...

Алматылық хирургтар екі кезеңнен тұратын күрделі ота жасап, үлкен псевдокистаны алып тастады

Науқас бұған дейін ұйқы безінің күрделі қабынуымен ауырып, салдарынан...