Түркістан облысының анықтаушылары жол апаты мен электронды істер туралы семинар өткізді

Түркістан облысы Полиция департаменті Анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Берік Нышанбаевтың ұйымдастыруымен ауқымды семинар-кеңесі өткізілді. Іс-шараға қалалық, аудандық полиция бөлімдерінің тергеу және анықтау құрылымдарының қызметкерлері қатысты.

Сонымен қатар Түркістан облысы бойынша Сот сараптама институтының директоры Ш.Тасыбаев, ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы еспке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша басқармасы басшысының орынбасары Х.Тлеулин, Түркістан облысы прокурорының көмекші прокуроры Н.Бердикулов, Түркістан қаласы прокурорының орынбасары М.Қайролдаев, Түркістан облысы ПД Ақпараттандыру және байланыс басқармасының бастығы полиция капитаны Б.Шамил арнайы шақырылды.
Күн тәртібінде жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс құжаттарын жинақтау кезінде орын алатын кемшіліктер мен қажетті сараптамаларды жүргізу барысында туындайтын сұрақтар қаралды. Оған қоса электронды қылмыстық істер бойынша орын алған кемшіліктер мен алдағы уақыттарда олқылықтарға жол бермеу, қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды.
Өз кезегінде семинарға қатысушы тергеушілер мен анықтаушылар, жиында айтылған пайдалы ақпараттар мен ақыл-кеңестерге алғысын жеткізді. Сондай-ақ қызмет барысында кемшіліксіз жұмыс жүргізетіндіктерін алға тартты.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

«ЗАКОНЫ НЕ РАБОТАЮТ»: УДОБНЫЙ МИФ ИЛИ ГОРЬКАЯ ПРАВДА? 

ЕСТЬ ФРАЗА, КОТОРУЮ В КАЗАХСТАНЕ МОЖНО УСЛЫШАТЬ ПОЧТИ В...

Устранить коллизии в законодательстве

Бизнес-омбудсмен выступил с предложением об уточнении понятий: «преступная» и...

В ловушке «легких» денег

ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ОБЕСПОКОЕНЫ ВОВЛЕЧЕНИЕМ МОЛОДЕЖИ В НАРКОПРЕСТУПЛЕНИЯ И ДРОППЕРСТВО....

Маршрут Север — Юг и Средний коридор: Казахстан наращивает транзит

Казахстан продолжает развивать транспортные коридоры, связывающие рынки Азии, России...

Контейнерные перевозки по Среднему коридору выросли на 58% за год

Объем контейнерных перевозок по Транскаспийскому международному транспортному маршруту (ТМТМ),...