12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Түркістан облысында жыл басынан бері жол қауіпсіздігін сақтамаудың 440 мыңға жуық құқық бұзушылығы анықталды

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен жол-көлік оқиғаларын азайту үшін Түркістан облысының полицейлері жылдың қай мезгілінде болмасын қызмет атқаруда. Осынау тәуілк бойы атқарылған жұмыс нәтижесінде, жыл басынан бері 439 524 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталған.

Оның ішінде көлік құралын мас халде басқарудың 760 жайты, ал жылдамдықты шамадан тыс асырудың 211 мыңнан астам дерегі тіркелген. Ал жаяу жүргіншілердің жол жүрісі қағидаларын бұзуы бойынша 32 134 жайты анықталды.

Сондай-ақ талдау көрсеткендей, жол-көлік оқиғалары үй жануарларының қатысуымен де орын алуда. Себебі, мал жолға шығып, жүргізушілерге кедергі келтіреді, салдарын оқыс оқиға орын алады.

Мәселен, Түркістан облысында жыл басынан бері үй жануарларының қатысуымен 16 жол-көлік оқиғасы орын алған. Салдарынан 7 адам қаза тауып, 24 адам жарақат алған. Бүгінгі таңда малдың қатысуымен болатын жол апатының алдын алу мақсатында, облыс бойынша жедел шаралар атқарылуда.

Сонымен қатар жол апаттарының алдын алу мақсатында құқық бұзушылықтарды автоматты түрде анықтайтын бейнебақылау камераларының саны артуда. Ал «Қорғау-қауіпті жүргізуші» бағдарламасы бойынша айыптұраққа 1132 автокөлік қойылған. Жалған мемлекеттік тіркеу белгісін таққан 21 автокөлік, басқаруға құқығы жоқ 104 жайт анықталды.

Осы ретте көліктің қауіпсіздік белдігін тақпайтын, техникалық байқаудан өткізуге мән бермейтін жүргізушілер де көп екені даусыз. Сондықтан жол қозғалысы ережесін қатаң сақтаңыздар, мұның соңы қайғылы жағдайға әкелуі әбден мүмкін.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Жұмыс режимін сақтау бойынша жиын өткізілді

2024 жылдың 10 желтоқсанында Мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимін...

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...