Түркістан облысында полицейлер тас жолда дөңгелегі жарылған жүргізушіге көмектесті

Түркістан облысы ПД ЖПҚ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Сарыағаш — Жетісай» тас жолында патрульдеу кезінде, жол жиегінде тұрған «Ауди» маркалы автокөлікті байқап, бірден жанына барды. Полицияны көрген ер адам көлігінің дөңгелегі жарылып, жөндей алмай тұрғанын жеткізді.

Жүргізуші өтіп жатқан көліктерді тоқтатуға тырысқанымен, нәтиже болмаған. Анықталғандай, ер адамда жарылған дөңгелекті ауыстыратын домкрат құралы жоқ болып шықты. Содан тәртіп сақшылары автокөлік одан әрі жүру үшін домкратты жеткізіп, дөңгелекті ауыстыруға көмектесті.

Полицейлердің қамқорлығы мен көмегіне жүргізуші шын жүректен ризашылығын білдірді: «Полиция қызметкерлеріне көп рахмет! Қиын сәтте көмек қолын созды. Сіздердің жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!».

Өз кезегінде полиция қызметкерлері жүргізушілер мен жолаушыларға жолда өте мұқият болуға кеңес береді. Алыс жолға шыққанда автокөлік құралдарының жарамдылығын, қажетті құралдардың бар-жоғын тексеру қажет. Жол ережелерін сақтаңыз!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Без перспектив в диалоге

ГЛАВА ИРАНСКОГО МИД АББАС АРАКЧИ ОБРАТИЛСЯ К ИСЛАМСКИМ ГОСУДАРСТВАМ...

Модернизация дает результат

РАЗВИТИЕ СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА Г. ШЫМКЕНТА ПОКАЗЫВАЕТ ОБНАДЕЖИВАЮЩИЕ РЕЗУЛЬТАТЫ И...

Этап боевой учебы

ВАЖНЫМ СОБЫТИЕМ В УКРЕПЛЕНИИ ОБОРОНОСПОСОБНОСТИ СТРАНЫ СТАЛА РЕФОРМА ТАКТИКО-ОГНЕВОЙ...

Перед лицом климатического кризиса 

В АПРЕЛЕ 2026 ГОДА СТОЛИЦА КАЗАХСТАНА СТАНЕТ ЦЕНТРОМ ГЛОБАЛЬНОЙ...

«Резиновые квартиры», «трезвые села» и «умные камеры»

Жителям Восточного Казахстана февраль запомнился серией интересных, разнообразных и...