12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Түркістан облысында полицейлер денсаулығы сыр берген жүргізушіге алғашқы көмек көрсетіп, алғыс арқалады

Түркістан облысының полицейлері күнделікті өздеріне жүктелген қиын да қауіпті жұмыстарымен қатар, қажет сәтте дәрігердің де қызметін атқарып, қиналған жанға алғашқы көмек береді. Бұлай деуімізге Сайрам ауданында орын алған мына бір жайт себеп болып отыр. Нақтырақ айтсақ, әлеуметтік желі қолданушысының бірі полицейлердің жүргізушіге алғашқы медициналық көмек көрсеткеніне куә болып, өз парақшасында алғыс жазбасын қалдырған.

Онда: «Бүгін Ақсукент тас жолында «Лада приора» көлігі тоқтап тұрғанын көрдім. Көлік иесі есінен талып қалған екен. Мен дереу тоқтап, дәрігер ретінде көмектесейін деп барсам, үш полицей көмектесіп жатқанын байқадым. Бірі арнайы жақ бетімен ұстап жатқызған, екіншісі тілін қайтарған, ал үшіншісі жолда көлік кептелісі болмау үшін жолды реттеп тұр. Мен қалай көмек көрсеттіңіз деп сұраған кезімде, бізді арнайы оқудан өткізеді деді — СУПЕР!!! Рахмет сіздерге. Сайрам Ауданы Полиция Басқармасы алғысым шексіз. Халыққа жақын полиция деп осыны айтуға болады!!!»-деп ізгі тілегін жеткізген. Бұл жазбаны өзге де желі қолданушылары бөлісіп, аталмыш полицейлерді марапаттау керектігін жеткізген.

Сайрам ауданында орын алған бұл жағдайда денсаулығы сыр берген жүргізушіге көмектескен полиция майоры Бахадүр Кұрбантаев, полиция капитаны Ержан Матов, полиция лейтенанты Абзал Әбдірасилов екені анықталды. Аталмыш полицейлер сол күні түнгі уақытта рейд жұмыстарын жүргізіп келе жатқан. Содан жол бойында белгісіз ер адам тоқтатып, көлікте жүргізушінің талып қалғаны туралы жеткізген. Мұны естіген полицейлер бірден әрекет етіп, екеуі жүргізушіні көліктен шығарып, алғашқы көмекті берсе, соңғысы жедел жәрдем шақырып, көшеде кептеліс болдырмау шараларын атқарған.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

2026 жылы Алматының денсаулық сақтау саласына 367 млрд теңге жұмсау жоспарланған

2026 жылы оңтүстік астананың денсаулық сақтау саласы бюджеті 367,6...

НАГРАДЫ ЗА ЧЕСТНЫЙ ТРУД

На встрече с представителями рабочих профессий, посвященной чествованию передовиков...

ЦЕНА МОЛЧАНИЯ

УШЕДШИЙ В ИСТОРИЮ 2025 ГОД ОСТАВИТ В ПАМЯТИ ГРОМКИЕ...

ВЕКТОР РЕФОРМ: ОТ СТАБИЛЬНОСТИ К РАЗВИТИЮ

5 ЯНВАРЯ 2026 ГОДА ГЛАВА ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ДАЛ...

Денсаулық сақтау жүйесінің нәтижелері

Қазақстанда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде жоспарланған...