Түркістан облысында колледж білім алушыларымен кездесу өтті

Сайрам ауданының Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Абдухамид Абибуллаев пен аудандық әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығының әлеуметтік инспекторы Мақсат Қалыбеков, психолог маманы Арайлым Худайбергенованың ұйымдастыруымен жастардың қатысуында ауқымды іс-шара өткізілді. Кездесу жиыны Ақсукент ауылында орналасқан Е.Сарманов атындағы колледжде өтті.

Негізгі мақсат — «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн!» акциясы аясында, жастарға тәлім-тәрбиесі, мән-мағынасы бар дүниелер айтып, құқықтық сауаттылық мәселесі жөнінде сұқбат өрбіту.

Кездесу барысында құқық бұзушылық, ертежүктілік, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу мәселелері еркін түрде талқыланды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық, оның түрлері және алдын алу бойынша өткізіліп жатқан іс-шаралар айтылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Применение электронных средств слежения в ходе ОПМ «Безопасный дом»

На учете службы пробации Ауэзовского района Департамента уголовно-исполнительной системы...

Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі рөлі

Мемлекеттік тіл – әділетті қоғамның, тәуелсіз елдің және біртұтас...

«Боқаевтың жиенімен жасалған екінші келісімшарт туралы білмедім» – куәгер Артықбаева

Бүгін Боқаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша өткен сот отырысында...

Новые веянья в работе судебных экспертов

          С укреплением суверенитета нашего государства Республики Казахстан все...