12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Түркістан облысында гарпунмен заңсыз балық аулаған екеу ұсталды

Түркістан облысы ПД ЖПҚ Табиғатты қорғау тобының инспекторлары заңсыз аңшылық, балық аулау, сиреп бара жатқан өсімдіктер мен жан-жануарларды жоюдың алдын алу, болдырмау бағытында облыстың әр түкпірінде тұрақты тексеру жұмыстарын жүргізіп отырады. Осындай кезекті рейдтік-профилактикалық іс-шара жүргізу кезінде Шардара аудандық полиция бөлімінің табиғатты қорғау тобының инспекторлары мен су қорықшылары бірлесіп, Арнасай шығанағының аймағында «гарпун» құралын пайдаланып, заңсыз балық аулаған браконьерлерді ұстады.
Хабарлама алысымен бірден оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлері заңсыз балық аулаған жергілікті тұрғындардан айғақты зат ретінде 3 дана гарпун құралы, 2 дана суда жүзуге арналған киімдер жинағы мен 100 келіге тарта ақбалық балығын тәркілеп алды. Полиция қызметкерлері күдіктілерді істің барлық мән-жайын анықтау үшін аудандық полиция бөліміне жеткізді.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі “Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау» бойынша тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға заңсыз балық аулауға болмайтындығын ескертеді. Сондай-ақ Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктерді жоюдың соңы, заң алдында жауап беруге әкеліп соғатынын ұмытпаңыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...

«Арсыз, надан» деген сөздер ар-намысты қорлауға жата ма? Адвокат жауабы

Белгілі адвокат Жания Бодау "Арсыз, надан" сөздері ар-намысты қорлауға...