Түркістан облысында бірнеше көліктің қатысуымен жол апаты орын алды

02.11.2022 жылы Қазығұрт АПБ-ға Алматы-Термез тас жолы «Қазығұрт асуында» жол апаты орын алғаны бойынша хабарлама келіп түсті.
Анықталғандай, патрульдік полиция батальонының қызметкері терезесін күңгірттеп алған «Mercedes-Benz Е-350» маркалы көлігіне әкімшілік шара көріп тұрған сәтте, Шымкент бағытына қарай кетіп бара жатқан «Лада 21015» маркалы автокөлігінің жүргізушісі абайсызда артынан келіп соққан.
Өз кезегінде «Mercedes-Benz Е-350» көлігі өзінің алдында тұрған полицейдің «KIA RIO» маркалы қызметтік көлігіне соқтығысқан. Осылайша бірнеше көлікке материалдық шығын келтірілді. Адам шығыны жоқ.
Жол апаты салдарынан «Лада 21015» көлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен орталық ауруханаға түсті. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі бойынша тіркеуге алынды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Жалпы күн суытып, ауа райы қолайсыз болған сәтте жол-көлік оқиғалары жиілеп кетеді. Осындай олқылықтардың алдын алу, болдырмау мақсатында Түркістан облысының полицейлері профилактикалық шараларды ұдайы іске асырып отырады. Жол апаты жиі болатын аумақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, патрульдеу жұмыстарын атқарады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...