Түрікменстан президенті ұлын вице-премьер қызметіне тағайындады

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Сердар Бердімұхамедовті вице-премьер, жоғары бақылау палатасының төрағасы қызметіне тағайындады және Түрікменстан Мемлекеттік қауіпсіздік Кеңесінің құрамына енгізді, — деп хабарлайды РИА Новости жергілікті телеарнаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы ел үкіметі мен Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің бірлескен отырысында тиісті жарлыққа қол қойды.

Отырыста түрікмен басшысы министрлер кабинетінің құрамына төраға орынбасарының тағы бір лауазымын енгізу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Үкімет төрағасының жаңа орынбасары Жоғарғы бақылау палатасын басқарып, Қауіпсіздік кеңесінің құрамына кіреді.

Бердімұхамедов жаңа вице-премьердің міндеттеріне мемлекеттік және қоғамдық құрылым жүйесін, денсаулық сақтау, білім беру, қаржы және экономика саласын цифрландыру мен инновациялық технологиялар енгізу кіретінін атап өтті.

«Мен Сердар Бердімұхамедовті министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Түрікменстан жоғары бақылау палатасының төрағасы, Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің мүшесі етіп тағайындаймын. Оны өнеркәсіп және құрылыс өндірісі министрі қызметінен босатамын», — деді түрікмен басшысы отырыста.

Министр лауазымына бұрын осы ведомство министрінің орынбасары қызметін атқарған Баймырат Аннамаммедов тағайындалды.

Сердар Бердімұхамедов өнеркәсіп және құрылыс өндірісі министрлігін 2020 жылдың ақпан айынан бері басқарып келді.

Түрікменстан мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің мүшелері — елдің әскери және құқыққорғау ведомстволарының басшылары.

Задачи административной юстиции

1 июля 2021 года введен в действие Административный процедурно-процессуальный...

Будущим юристам показали работу уголовно-исполнительной системы изнутри в области Абай

В области Абай сотрудники учреждения максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной...

Сот жүйесінде электронды цифрға өтудің маңыздылығы

Қазіргі кезеңде ақпараттық технологиялардың дамуы сот жүйесіне де елеулі...